Астанада Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық пікірталастар циклін аяқтайтын соңғы жария талқылау өтті. Бұрын мұндай іс-шаралар елдің барлық өңірлерінде, яғни 19 қалада ұйымдастырылды.
Атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен елорда тұрғындарының қатысумен өткен талқылау халықтың көкейтесті сұрақтары, яғни АЭС-тің технологиялық қауіпсіздігі, электр энергиясының тапшылығы, III және III+ буынды барынша қауіпсіз реакторларының қолданылуы және экологияға әсері жайында сұрақтарға жауап берілді.
Ядролық физика институтының бірегей инфрақұрылымы, атом саласындағы халықаралық тәжірибиесін негізге ала, болашақ АЭС-ке қажетті маманды даярлау бағытындағы өзекті тақырыпта Институт бас директор Саябек Сахиев баяндады.
АЭС салу мәселесін қолдайтын болса, онда екі блок үшін 2 мың жұмысшы қажет. Оның 200-і күзет пен санитарлық қызметкерлер. Қалған 1800 қызметкердің жоғары білімді 400-і Ядролық физика институтында дайындалады.