Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Астана филиалының 20 жылдыға арналған БЯЗИ жазғы мектебі өтті

Астана қаласында Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде Біріккен ядролық зерттеулер институты мен Ядролық физика институты Астана филиалының ұйымдастыруымен БЯЗИ-дің жазғы мектебі сәтті өтті.

Іс‑шара Астана филиалының 20 жылдығына және Қазақстандағы БЯЗИ күндері аясында ұйымдастырылды.

Мектеп бағдарламасы бес бағытты қамтыды: физика, биофизика, информатика, биология және химия. Астана филиалы мен БЯЗИ жеті зертханасының жетекші мамандары қатысушыларға ядролық реакциялар, ауыр иондар физикасы, радиобиология мен радиохимия, Менделеев кестесіндегі жаңа элементтерді іздеу, сондай‑ақ ғылымда жасанды интеллект пен таратылған есептеу технологияларын қолдану туралы заманауи зерттеулерді таныстырды.

Қатысушылар тек теориялық дәрістермен шектелмей, практикалық тапсырмалар мен жобаларға қатысты; сонымен қатар ғылыми мансап пен БЯЗИ зертханаларындағы тәжірибе мүмкіндіктері талқыланды. Ұйымдастырушылар тыңдаушылардың жақсы дайындық деңгейін және салалараралық тақырыптарға деген қызығушылығын атап көрсетті. Аталмыш мектеп Қазақстан мен БЯЗИ арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға маңызды алаң болды.