Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ашық есік күні

Ядролық физика институтында оқушылар үшін ашық есік күні өтті

Бүгін 5 наурызда Алатау ықшам ауданының №7 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Институтқа келіп, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін орындайтын атом саласындағы Қазақстанның жалғыз ғылыми ұйымының ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетімен танысты.

Ашық есік күні аясында оқушылар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану турасында толыққанды ақпарат, Институттың ғылыми қызметкерлерімен жеке танысуға мүмкіндік алып, мамандық таңдау мәселелері жайында талқылау жүргізіп, АЭС қауіпсіздігі мен құрылысы туралы көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар, оқушылар кешенді экологиялық зерттеулер орталығына және электрохимиялық түрлендіру және энергияны сақтау зертханасына барып, зертхананың негізгі қызметі мен ғылыми қызығушылықтары туралы білді. Эксперементтерге қатысуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, мектеп делегациясы 2023 жылдың қарашасында ашылған ЯФИ-дегі Біріккен ядролық зерттеулер институтының Ақпараттық орталығына барды. Оқушылардың назарына ЯФИ қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша презентация ұсынылды, оның ішінде оқушылар БЯЗИ-дегі қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жетістіктерінен туралы хабардар болды.