Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

«Аманат» партиясы өкілдерінің сапары

12 мамыр күні ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахметов Мәди Абылайұлы мен «Amanat» партиясы Медеу аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ТОО «Timus Development» директоры Нұртаев Тимур Таймасұлы Ядролық физика институтында жұмыс сапарымен болды.

Сапар аясында ЯФИ бас директоры, ҚазҰЖА академигі Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ССР-Қ зерттеу реактор кешені, радиохимия мен изотоптар өнідірісінің ғылыми-техникалық орталығының, радиациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығының жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар арнайы сапар аясында институттың жетекші ғалымдары мен қызметкерлері Мәди Абылайұлы мен Тимур Таймасұлымен кездесіп, ЯФИ-ның өзекті мәселерін жеткізіп, институттың дамуы мен жаңа бағыттары жайын хабардар етті.