Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ғалым-энергетиктер АЭС салу мәселесін талқылады

Ғалым-энергетиктер Қазақстанда АЭС құрылысын қолдайды. Қазақстанға негізгі тұрақты генерация және таза энергия көзі қажет.Бұл туралы кеше Қ. И. Cәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өткен ғылыми пікірталас барысында мәлімделінді. Кездесуге Институт бас директоры Саябек Сахиев пен аға ғылыми қызметкер Асхат Бекбаев қатысты.

Ғалымдардың айтуынша, энергия тапшылығының артуы жағдайында елге атом энергиясы қажет. АЭС экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі, өйткені Атом станциясында шығындар жоқ. Сонымен қатар, атом электр станциясы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосады және экономиканың дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, атом станциясы тұтынушыларды арзан және экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етеді, деп атап өтті ғалымдар. АЭС-тің қауіпсіздігі мен болашақ АЭС-ке қажетті мамандар даярлау турасында Инстиут бас директоры Саябек Сахиев 56 жыл бойы ешбір оқыс оқиғасыз, бейбіт мақсатта ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан ССР-Қ ғылыми- зерттеу реактор жұмысын атап өтті.

Институт базасындағы негізгі қондырғылардың бірі ол- су-су Қазақстан реакторы (CCР-Қ). Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) АЭС-ке және атом реакторларына қоятын талаптары бір. Ал әлемдегі ең қауіпсіз AЭС түрі — су-cу энергетикалық реакторы болып саналады. Сондықтан еліміздегі жалғыз стационарлық ғылыми-зерттеу реакторы ССР-Қ 1967 жылдан бірден-бір оқыс оқиғасыз жұмыс істеп келеді. ССР-Қ зерттеу реакторының құрылымы болашақта Қазақстанда салынатын АЭС-тің құрылымы іспеттес. Демек Алматының төменгі жағында 56 жылдан бері атомдық электр станциясы жұмыс істеп тұр десек те болады.