Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Алматыда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне арналған 19-шы қоғамдық талқылау өтті

Кеше 16 тамызда Алматыда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне арналған 19-шы қоғамдық талқылау өтті. Іс-шараға атом саласының жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Талқылауға қатысушылар, соның ішінде алматылықтар, экология, экономикалық аспектілер, инфрақұрылымды дамыту және реакторлардың қауіпсіздігі мәселелерін көтерді. Бұл тақырыптар пікірталастың басты өзегі болды.

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев кадрларды даярлау және қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндама жасап, институттың әлемнің 30-ға жуық жетекші ғылыми ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейтін халықаралық тәжірибесін атап өтті. Бас директор, сондай-ақ, Институтта болашақ кадрларды даярлауға қажетті барлық база бар екенін және 57 жылдан бері су-сулы зерттеу реакторы сәтті пайдаланылып келе жатқанын, бұл жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.