Бүгін ЯФИ бас директоры Саябек Сахиев Алматы облысына сапары аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы аймақтағы ядролық медицинаны дамыту мәселесі болды.
Атап айтқанда, тараптар ПЭТ-КТ орнату және онкологиялық ауруханаға бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны жабдықтау мәселелерін талқылады. Әсіресе, заманауи ядролық медицина әдістерін қолдану арқылы онкологиялық науқастарға медициналық көмекті жақсарту мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сондай-ақ радиациялық технологияларды облыстағы су ресурстарын тиімді басқару үшін пайдалану мәселелері де талқыланды. Бас директор атап өткендей, бұл технологиялар суды тиімді түрде зарарсыздандыруға, патогендік микроорганизмдерді жоюға және күрделі органикалық ластаушыларды ыдыратуға мүмкіндік береді.
📍Алматы облысына радиофармацевтикалық препараттарды жеткізудің мәселесі де қарастырылды.