Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ-дің Ақсай филиалы Наурызды атап өтті

Наурыздың 20-сы күні Ядролық физика институтының Ақсай филиалының қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын атап өтті. Басты тағам Наурыз көжеден тұратын мерекелік дастархан жайылды. Мейрамға орай қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, тілектер айтып дәстүрді жалғады.Ақсай филиалының қызметкерлері Ядролық физика институтындағы барша әріптестерін Наурыз мейрамымен құттықтап,әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық, еңбектеріне жеміс және табыс тілеп тілектестік білдіруде.