Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуі

2023 жылдың 6 наурызында Ядролық физика институтына "Amanat" партиясының Медеу аудандық штаб мүшелері үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Институт ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасы таныстырылды. Штаб мүшелері ғалымдардың мәртебесін көтеру мақсатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің "Ғылым туралы" заңға енгізетін өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді. Заң аясында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарындағы қызметкерлеріне сараланған түрде қосымша жәрдемақы енгізілуі, зейнеткер ғалымдарға ғылыми жетістіктері үшін қосымша сыйақы тағайындалуына қолдау білдіретіндіктерін айтты. Сонымен қатар Институт қызметкерлері Ядролық физика институының қызметтік автобустары үшін арнайы автобус жолақтарын пайдалануға рұқсат ету, Алматы қаласының экологиялық ластануы, Алатау ауданының инфрақұрылымын дамыту турасында ұсыныcтарын білдірді.