Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

АЭС салуға байланысты референдум 6 қазанда өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Президент Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет екенін атап өтіп, атом энергетикасын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ел үшін маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылдануы тиіс, сондықтан Мемлекет басшысы елімізде АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуді тапсырды.

Қазақстан халқы алдағы ондаған жылдар бойы еліміздің энергетикасының болашағын анықтайтын таңдау алдында тұр.

Біз, Ядролық физика институтының ғалымдары, болашақ атом энергетикасында екеніне сенімдіміз, және АЭС құрылысы — бұл жолдағы алғашқы қадам ғана. Қазақстандық ғалымдар жаңа ұрпақ үшін болашақ энергетиканың негізі болатын жаңа ғасырдың технологиясы — басқарылатын термоядролық синтезді жасаумен ұзақ уақыттан бері айналысуда.

Біздің Ядролық физика институты атом энергетикасы саласындағы жарты ғасырдан астам тәжірибесімен, бірегей базасымен және білікті кадрларымен осы ауқымды жобаны әзірлеуге және іске асыруға өз үлесін қосуға дайын. Біз АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, отандық ғылымды, технологияларды және өнеркәсіпті дамытуға қуатты серпін беретініне сенімдіміз.

Ядролық физика институтының бас директоры

Саябек Сахиев