2025 жылғы 20-23 қаңтар аралығында АЭХА штаб-пәтерінде (Вена қ., Австрия) Физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау және қызметке жәрдемдесу орталықтары халықаралық желісінің жұмыс топтарының кеңесі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – адам ресурстары, техникалық қолдау және ғылыми қолдау саласындағы бағдарламалардың жүйелі дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау және қызметке жәрдемдесу орталықтары халықаралық желісінің жұмыс топтарының (бұдан әрі – Орталықтар желісі) әрекет ету жоспарлары бойынша бірлескен жұмысқа қолдау көрсету болып табылады.
Кеңес жұмысына Қазақстан атынан ЯФИ өкілдері – Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) бастығы Наталья Измайлова және ЯҚОО оқу бөлімінің бастығы Маржан Идрисова қатысты. Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша топтық талқылаулар өткізілді. ЯФИ өкілдері келесі тақырыптар бойынша В тобының жұмысына (тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасу) қатысты: