Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

АЭХА инспекциясы

Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (бұдан әрі – Келісім) байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімді орындау шеңберінде 2026 жылғы 27-29 сәуір аралығында Ядролық физика институтында АЭХА жоспарлы инспекциясы өткізілді. АЭХА кепілдік жүйесі-атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі халықаралық міндеттемелердің орындалуын бақылау жүйесі.

Инспекцияның мақсаты институттағы ядролық материалдың орналасқан жерін, санын, құрамын және ССР-К реакторының дизайны туралы ақпаратты тексеру болды.

Тексеру барысында АЭХА кепілдік департаментінің инспекторлары ядролық материалды сәйкестендіруді, ядролық материал партияларын бақылаудың бұзбайтын әдісімен өлшеуді, ядролық материалы бар контейнерлерді қайта пломбалауды, есептік құжаттаманы салыстыруды жүргізді.

АЭХА инспекциясы институттың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындағанын тағы да растады.