Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Advances in Nuclear Science and Applications журналының жаңа саны: ядролық физика саласындағы өзекті зерттеулер

Ядролық физика институты шығаратын Advances in Nuclear Science and Applications ғылыми журналының жаңа саны (Volume 2, No. 2, June 2026) жарық көрді. Басылымға ядролық физика, бөлшектер физикасы, ауыр иондар соқтығысуын модельдеу, ядролық электроника, радиациялық материалтану және қолданбалы сенсорлық технологиялар салаларындағы өзекті зерттеулерге арналған алты ғылыми мақала енді.

Жаңа нөмірде аса ауыр элементтерді синтездеу эксперименттеріне арналған белсенді корреляциялар әдісін оңтайландыру, кварктік NJL моделіндегі ϕ→γππ ыдырауын сипаттау, Au+Au ауыр иондар соқтығысындағы ядролық модификация факторын зерттеу, уақыт-ұшу (ΔE–E) спектрометрін әзірлеу, иондық сәулеленуден кейінгі гадолиниймен легирленген диспрозий гафнатының микроқұрылымын зерттеу, сондай-ақ аммиакты анықтауға арналған тректік мембраналар мен HKUST-1 негізіндегі сенсорлық мембраналарды жасау бағытындағы зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Журналдың бұл саны ядролық ғылымның іргелі мәселелерінен бастап болашағы зор материалдар мен қолданбалы технологияларды әзірлеуге дейінгі заманауи ғылыми зерттеулердің кең ауқымын қамтиды.