5 наурыз РМК ЯФИ-да 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті.
Жиын барысы ҚР Энергетика министрі Ақшолақов Болат Оралұлының саладағы нәзік жандыралға арналған құттықтау сөздерімен ашылып, ҚР ЭМ вице-министрлері Жүребеков Мұрат Өтемісұлы, Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы және Жанат Зарубекқызы Жахметованың құттықтауларымен жалғасты.
Шарада ЯФИ РМК бас директоры Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзов өзінің құттықтау сөзінде институтта жұмыс істейтін барлық әйел әріптестерге ризашылығын білдірді. Қоғамдағы әйелдердің рөлі, институтта жұмыс істейтін көп балалы аналар, институттың дамуына өз үлесін қосып жүрген ғалым әйелдер мен жас ғалымдар, инженер, техник және зертханашы әйелдерді атап өтті.
Жиынның екінші бөлімінде институтты дамытудағы адал еңбегі үшін құрмет грамоталарымен 24 нәзік жанды қызметкерлер марапатталынды.
Шара соңында Батыржан Көмекбайұлы әріптестер мен әйел қызметкерлерге амандық, игі бастамаларына табыс, әйел бақытымен денсаулық тіледі.