Курсты өткізуге Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің (JAEA) Ядролық саладағы кадрлық әлеуетті дамыту орталығының (NuHRDeC) профессоры Kunihiko Nabeshima қатысты. Ол қатысушыларға «Шағын модульдік реакторлар» және «Ядролық энергетикадағы ЖИ-технологиялары» атты тақырыптарында дәрістер оқыды.
Курсқа 15 адам қатысты, оның ішінде Ядролық физика институтының қызметкерлері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері өз баяндамаларын жасады. Сонымен қатар ҚазҰУ және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері де қатысты. Келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:
«Ядролық реакторлар физикасының негіздері» (Basics of the Reactor Physics)
«ССР-Қ зерттеу атомдық реакторындағы нейтронография» (Neutron Imaging at the WWR-K Research Reactor)
«Ядролық физиканың эксперименттік зерттеулерінде пайдаланылатын газбен толтырылған және сцинтилляциялық детекторлар» (Gas filled and scintillation detectors used in experimental nuclear physics research)
«Радиоактивті қалдықтарды басқару» (Radioactive waste management)
«Монте-Карло OpenMC кодын пайдалана отырып, ALFRED шапшаң қорғасын реакторының нейтрондық талдауы» (Neutronic Analysis of the ALFRED Lead-Cooled Fast Reactor Using OpenMC Monte Carlo Code)
«ССР-Қ зерттеу атомдық реакторындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазіргі жағдайы» (Current state of research work at the WWR-K Research Reactor)
«Нейтрондық рефлектометрия» (Neutron Reflectometry)
«ЯФИ-дағы нейтронды-активациялық талдау» (Neutron activation analysis in INP)
«Ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін сындық стендті қолдану» (Application of the Critical Facility for scientific and applied tasks)
«ССР-Қ зерттеу атомдық реакторындағы УСН тұжырымдамасы» (Concept of the UCN Source at the WWR-K Research Reactor)
Курстың бірінші күні Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы А. Успенская кіріспе сөз сөйледі. Курс барысында қатысушылар үшін ЯФИ аумағы бойынша техникалық тур ұйымдастырылды.