23 қаңтарда «Қазақстанның Ядролық қоғамы» қауымдастығының басқарма отырысы мен жылдық есептік конференциясы өтті. Бұл шараға Ядролық физика институтынан Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің басшысы Мұрат Төлегенов қатысты.
Отырыста 2024 жылға арналған қауымдастықтың атқарған жұмыстары туралы есеп ұсынылып, бекітілді. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі қаралды.
Бұл конференция ядролық ғылым, технология және энергетика салаларын дамытудағы негізгі мәселелерді талқылауға, шешімдер қабылдауға және стратегиялық жоспарлауға арналған орталық алаң болды. Іс-шараға саладағы жетекші ұйымдар қатысты.