Барша жас ұрпақ балаларды және ата-аналарды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз. Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор. Болашақ Отанымыздың тірегі балаларға болашақтарының жарқын, ашық аспан, балғын балалық шақ тілейміз! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болуларыңызға тілектестік білдіреміз!