Ядролық физика институты ЮНЕСКО аясындағы әлемдегі алғашқы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен және РҒА геология, петрография, минералогия және геохимия институтымен бірлескен бағдарламалар мен ғылыми зерттеулерді іске асыратын болады. Үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумды бас директор Саябек Сахиев, Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының директоры Такир Балықбаев және РҒА геология, петрография, минералогия және геохимия институтының директоры Владислав Петров өзінің ресми өкілі,геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер Алексей Мирошников қолдарымен бекітті.
Бұл меморандум Орталық Азия мұздықтарындағы климаттық және радиоэкологиялық жағдайларды зерттеу саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды іске асыруға бағытталған үш ұйым арасында ынтымақтастық орнатуды көздейді.
Меморандум шеңберінде тараптар бірлесіп зерттеулер жүргізуге, тәжірибе алмасуға және ғылыми әзірлемелерді іске асыруға ниетті. Бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу кезінде шаң мен органикалық заттардың ұсақ бөлшектерінен түзілетін криоконит материалын, сфералық микробтық-минералды түйіршіктерді зерттеуге ерекше назар аударылатын болады. Бұл материалды микроскоппен мұқият зерттеу, екі ғылыми-зерттеу институты мен гляциологиялық орталық мамандарының пікірінше, әлемдегі климаттың өзгеруіне, сондай-ақ Орталық Азияның таулы аймақтарындағы экологиялық жағдайға байланысты мәселелерге жарық түсіруге көмектеседі.
Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығы — әлемдегі алғашқы аймақтық гляциологиялық орталық болып табылады. Орталық гляциология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және Орталық Азиядағы мұздықтардың, қардың және мәңгі мұздың жай-күйін мониторингілеуге қатысатын әртүрлі ұйымдар арасында ақпарат алмасу, халықаралық гидрологиялық бағдарламаның мақсаттарына жауап беретін гляциология мәселелері бойынша аймақтық зерттеу бағдарламаларын енгізу және дамыту үшін құрылған.
Ресей Ғылым Академиясының кен орындарының геологиясы, петрография, минералогия және геохимия институты – *Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Институт негізгі қызметі петрология, физикалық геохимия, радиогеология және радиогеоэкологияның теориялық негіздерін дамыта отырып, минералды шикізаттың әртүрлі түрлерінің кен орындарының геологиясы, минералогиясы мен геохимиясының іргелі мәселелерін әзірлеумен