Іс-шаралар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ИЯФ ұжымы «Әз – Наурыз» салтанатты шарасына қатысты

2023 жылдың 22 сәуірінде Алатау ықшам ауданында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурыз» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға Ядролық физика институтының ұжымы қатысып, думанды жиынның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты. Мерекелік шараға орай орталық алаңда Институт атынан киіз үй тігіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Медеу ауданының әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Айдос Институттың ұлттық тағамдардың түр-түрінен құралған мерекелік көрмесіне қатысты.