физика-математика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
Білімі
1987 жылы Шымкент қаласындағы орта мектепті бітірді.
1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (ҚазҰУ) «Физика» мамандығы бойынша бітірген.
1995 жылы ҚазҰУ аспирантурасының күндізгі бөлімін аяқтады.
1998 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін, 2008 жылы физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін үш бөлшекті потенциалдық модельдердегі жеңіл ядролардың қасиеттерін зерттеу тақырыбында диссертация қорғады.
2024 жылы мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағы берілді.
Мансабы
1995 жылдан бастап 2000 жылдар аралығында ҚазҰУ теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.
2000 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кадр және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2005 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерін басқарды.
2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті Ғылыми-білім беру мекемесінің (ҚазИТЖУ) президенті болды.
2015 жылдан бастап 2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарды.
2016 жылы «ҚазИТЖУ» Ғылыми-білім беру мекемесінің президенті қызметіне қайта сайланды.
2017-2020 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым департаментін басқарды; 2020 – 2021 жылдары ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректор қызметін атқарды.
2021 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агротехнологиялық Хабын басқарды.
2022 жылы «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Бас директоры болып тағайындалды, бұл қызметті қазіргі уақытқа дейін атқарып келеді.
2024 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды.
Негізгі ғылыми жетістіктері
Саябек Қуанышбекұлы Сахиевтің басшылығымен Қазақстан Республикасының Ядролық физика институтында заманауи ғылыми бағыт қалыптасып, белсенді дамып келеді.
Қазіргі уақытта қуатты фемтосекундты лазермен үйлестіре отырып, күшті ағымды Z-пинч базасында инерциялы-магниттік термоядролық синтез саласындағы зерттеулермен айналысады. Плазма физикасы, лазерлік және ядролық физика, соғылу толқындары физикасы шегінде одан әрі тереңдетілген пәнаралық зерттеулер жүргізу мақсатында Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымымен (ЦЕРН, Женева), Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен, «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымымен (Дубна қ.), Массачусетс технологиялық институтымен (Бостон қ., АҚШ), Лауэ-Ланжевен институтымен (Гренобль қ., Франция), Ұлттық ядролық физика институтымен (Сицилия, Италия), Фермилаб (Чикаго қ., АҚШ), Карлсруэ технологиялық институтымен (Карлсруэ, Германия) және т.б. тығыз байланыстар орнатылды.
Саябек Сахиев Қазақстанда ядролық технологияларды дамытуға бағытталған қолданбалы міндеттердің кең ауқымын шешті:
Саябек Сахиевтің бастамасымен және ғылыми жетекшілігімен Ядролық физика институты елдегі негізгі ғылыми орталық ретіндегі рөлін нығайтты. Халықаралық ынтымақтастыққа, инфрақұрылымды дамытуға, ғылыми ортаны қалыптастыруға және мамандардың жаңа буындарын даярлауға айтарлықтай көңіл бөлінуде.
Марапаттары мен жетістіктері
2005 жылы – ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған медальмен марапатталды.
2008 жылы – Астананың 10 жылдығына арналған медальмен марапатталды.
2010 жылы – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2011 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
2012 жылы – экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2025 жылы – еліміздің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін жоғары мемлекеттік наградалардың бірі – «Парасат» орденімен марапатталды.
Негізгі еңбектері
Бірлескен авторлықта 90-нан астам ғылыми еңбектері жарияланған. Ол сегіз оқулықтың авторы, оның ішінде бесеуі («Кванттық механика», 1-2 том, «Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы», «Векторлық және тензорлық талдау негіздері») ҚР БҒМ басып шығарылған. Физика-математика ғылымдарының кандидатын (2005 ж.) және бес PhD докторын дайындады, сондай-ақ «Ядролық физика» мамандығы бойынша PhD докторанттары мен магистранттардың ғылыми жетекшісі болып табылады. 2014 жылы С.Қ. Сахиев «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды.