Негізгі қондырғылар

Қондырғылар туралы негізгі ақпарат

СЫНДЫҚ СТЕНД

Сындық стенд 1972 жылы іске қосылды, жеңіл сулы баяулатқышы мен судан және/немесе бериллийден тұратын шағылдырғышы бар жылулық нейтрондардағы төмен қуатты физикалық реактор болып табылады.

Сындық стенд түрлі конфигурациядағы сындық жинамаларды және активті аймаққа орнатылған эксперименттік құрылғылардың барлық түрлерін нейтрон-физикалық зерттеуге арналған. Сындық стендтің сындық жинамасы әртүрлі су-сулы зерттеу реакторларының активті аймағын, атап айтқанда ССР-Қ реакторының активті аймағын модельдеуге мүмкіндік береді.

Сындық стендте жоғарыда көрсетілген типтегі зерттеу реакторларының қауіпсіздігін негіздеу бөлігінде зерттеулер жүргізіледі. Түрлі реакторлық әдістер пысықталады, эксперименттік құрылғылардың нейтрон-физикалық сипаттамалары зерттеледі, есептік кодтар верификацияланады, ССР-Қ реакторында жүргізілген ядролық қауіпті эксперименттердің қауіпсіздігі дәлелденген.