АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерлерді азайту жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық шеңберінде («Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы) 2023 жылғы 6-10 қараша аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында «Физикалық қорғау жүйесіне тексеру жүргізу» оқу курсы өткізілді. Бұл курс «өтпелі курс» болды. АҚШ ҚМ ҚАА американдық нұсқаушылары әзірлеген материалдарды бейімдеу және жаңарту мақсатында ЯҚОО беріледі. Оқу материалдарын өңдегеннен кейін курсты қазақстандық нұсқаушылар өздері өткізетін болады. Курстың мақсаты – физикалық қорғау жүйесін тексеруді жоспарлау және оларды жүргізу қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру, ядролық объектілерде тексеру жүргізудің практикалық дағдыларын үйрету. Оқу курсы аясында АҚШ және Қазақстан нұсқаушылары теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Оқыту қорытындысы бойынша 9 қазақстандық маман – ҚР ЭМ АЭҚБК, ҮМЗ АҚ, Үлбі-ЖБЖ ЖШС, ҚР ҰЯО РМК, ЯФИ ШЖҚ РМК, Дағдарысқа қарсы тұру жөніндегі оқу орталығы өкілдері курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.