News

News, events, announcements

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Ядролық физика институтында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі кеңесшісі Дәурен Ақшалов пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Уәлихан Құрамаевтың қатысуымен бөлімшелердің бірінші басшыларына арналған семинар өтті. Семинар тақырыбы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңын мен реформаларын түсіндіруге арналды. ҚР ЭМ комплаенс жөніндегі кеңесшісі Ақшалов Дәурен өз баяндамасында комплаенстің құрылу тарихы мен тұжырымдамасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жазалар туралы айтып берді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Превенция басқармасы басшысының орынбасары Құрамаев Уәлихан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен реформалармен бөлісті. Департаменттің осы бағыттағы бірқатар жаңа жұмыстарын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» заңның (бұдан әрі-Заң) 9-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері өз құзыреті шегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін Институт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша келесі шараларды қабылдаған болатын:
— комплаенс-қызмет 2021 жылы енгізілді, оның функциясы Институттың заң бөліміне жүктелді, ал 2023 жылы институттың құрылымына комплаенс-офицер лауазымы енгізілді және Институттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі саясатын жүргізуге жауапты тұлға, Институт қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық; мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты реттеу жөніндегі нұсқаулық тағайындалды.
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізінде ағымдағы жылдың сәуір айында әкімшілік басқарманың 10 қызметкеріне оқыту жүргізіліп, «ISO 37001-2016 халықаралық стандартының талаптарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» тақырыбы бойынша сертификаттар алынды.
— 2023 жылдың маусым айында ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес менеджмент жүйелерін әзірлеу, енгізу, сертификаттауға дайындау бойынша консультациялық қызметтер жүргізілді,
— институттың ресми сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты институтының жергілікті ішкі құжаттары, Институт қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт және т.б. жарияланды.
Келесі жылы Институт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатырған барлық жұмыстарды жүйелеп, тереңдетуді жоспарлап отыр.