Қыркүйектің 27-30 аралығында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев пен Бөліну физикасы зертханасының меңгерушісі Дилшод Алимов Түркия Республикасында жұмыс сапарымен болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Сапардың алғашқы күндерінде бас директор Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы және Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиевпен кездесті. Басқосуда бас директор Институттың Қазақстандағы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытудағы жетістіктерін айта келе, Ядролык физика институтында ССР-Қ (су-су Қазақстан) ғылыми-зерттеу реакторында және Cyclone-30 циклотронында онкологиялык ауруларды (Йод-131, Молибден-99, Фтор-18) диагностикалау және емдеу үшін өнеркәсіптік (кобальт-57, иридий-192, сурьма-124) және медициналык мақсаттағы (радиофармпрепараттар - РФП) радиоактивті изотоптарды өндірудің толық циклі жолға койылғанын жеткізді. Сонымен катар радиофармпрепараттарды экспорттау ісі де қарынды дамып келетінін атап өтті. Казіргі таңда Кырғызстан, Ресей, Германияна экспортталады. Алдағы уакытта өнімдерді Түркия Республикасымен қатар Франция мен АҚШ-қа шығару жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар екі ел арасындағы ғылым мен өндіріс бағытындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сапар барысында бас директор Туркия Республикасы Энергетика және Табиғи Ресурстар министрінің орынбасары, профессор Зафер Демирканмен (Zafer Demircan), Түркия Парламентінің депутаты Ильяс Топсакал (Ilyas Topsakal) кездесіп, екі мемлекет арасында ядролық физика, радиациялық физика, ядролық медицина салаларын дамытуға бағытталған мәселелерді талқылады. Министр орынбасары Зафер мырза Қазақстан мен Туркия елдеріндегі сала мамандарының жоғары қабілеттілігінің баса айтып, Түркі тілдес елдердің өзіндік CERN немесе JINR сияқты ядролық орталығы болу керектігін атап өтті. Түркі тілдес мемлекеттер үшін Ядролық орталық жаңа ғылыми мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Сөз барысында Саябек Сахиев ЯФИ-ге қажетті жаңа ұрпақтағы зерттеу ректорынын құрылысы жайын баян етіп, ССР-Қ зерттеу реакторы 1967 жылы іске қосылғанын, реактордың қорында тағы бірнеше жыл бар, содан кейін ол пайдаланудан шығарылатын айтты. Жаңа зерттеу реакторының құрылысы Институттың өндірістік қуатын арттырып, коммерциялық нарықта берік нығайуға мүмкіндік береді деп айта өтті.
Сонымен қатар сапар барысында Институт басшысы Түркия Республикасындағы радиофармпрепараттарды өндіретін және тасымалдайтын ірі кәсіпорындардың бірі — «Moltek» компаниясының кеңесшісі, профессор Исмаил Бозтосун және өкілдері: Жан Зафер, Мехмет Бурак, Серкан Қазанмен кездесті. Кездесу барысында келесідей бірлескен жобалар қатары талқыланды:
— терапевтік изотоп Lu177 ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторында сынақ сәулеленуі;
— жаңа циклотронды сатып алу жобасы;
— 30 МэВ энергиясы бар циклотрондардың нысанасын жаңарту;
— Ядролық физика институты аумағында ядролық медицина клиникасын құру жобасы;
— F18-FAPI және F18-PRIDASE өнідірісі.
Сонымен қатар кездесу барысында екі жақты әріптестікті одан әрі дамыту бағыттары келісілді.
Жұмыс сапардың аясында бас директор Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әміреевпен кездесті. Аталмыш инвестициялық қор Түркітілдес мемлекеттердегі өңірішілік сауданы дамытуды қолдауға және шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ жасыл экономика, индустриялық, инфрақұрылымдық, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, ақпараттық-коммуникациялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Кездесу барысында екі ел арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатындағы қаржыландыру мәселелерін талқыланды.