Бүгін, 2-ші сәуір Институт делегациясы бас директор Саябек Сахиев пен ҮТҒТБ бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Игорь Данько Атырау қаласына сапары аясында Атырау мұнай және газ университетінің (АтМГУ) басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар: — Атырау мұнай және газ университетінің базасында Ядролық физика институтының филиалын құру; — ғылыми-қолданбалы зерттеулер және оларды коммерцияландыру, сондай-ақ Институт филиалы базасында кадрлар даярлау саласындағы бірлескен ынтымақтастық турасында талқылау жүргізді.
🔹 ЯФИ мен АтМГУ атом энергиясын, радиациялық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану және ел экономикасының қажеттіліктері үшін білікті кадрлар даярлау мақсатында ынтымақтастықты дамытуға келісті. Келісім негізінде бас директор Саябек Сахиевпен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова ынтымақтастық меморандуымына қол қойды.