loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Мамандарды қиратпайтын тестілеуге дайындау

ҚР Ядролық физика институтының Бүлдірмейтін бақылау және сынақтау әдістері ғылыми-техникалық орталығы (ББСӘ ҒТО) бүлдірмейтін және бүлдіретін бақылау әдістері саласында мамандарды даярлау/қайта даярлау бойынша курстар өткізеді. ББСӘ ҒТО-да бүлдірмейтін бақылау бойынша 3-ші біліктілік деңгейіне сертификатталған металтану саласындағы дипломды мамандар жұмыс істейді.

Бүлдірмейтін бақылау дефектоскопшыларын және бүлдіретін бақылау зертханаларының мамандарын даярлау/қайта даярлау бағдарламалары теориялық курсты және тиісті жабдықтар мен бақылау әдістемелерін пайдалана отырып жүргізілетін практикалық сабақтарды қамтиды. 

Курсты аяқтап, емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін тиісті даярлау/қайта даярлау бағдарламасы бойынша куәлік (сертификат) беріледі. Бүлдірмейтін бақылау дефектоскопшыларын және зертхана мамандарын даярлау/қайта даярлау бағдарламалары «қорытынды беруге құқылы/құқылы емес» 1-ші және 2-ші біліктілік деңгейлеріне бағдарланған.

 «Қорытынды беруге құқылы» белгісі бар куәлігі (сертификаты) тыңдаушы 2-ші Біліктілік деңгейіне арналған кеңейтілген емтиханды сәтті тапсырған жағдайда, тапсырыс берушінің өтінімі бойынша беріледі.

ББСӘ ҒТО өз қызметін бүлдірмейтін бақылау және металдарды диагностикалау саласындағы ұлттық стандарттарды, қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, Ядролық физика институты РМК Жарғысының негізінде жүзеге асырады.

Қызметкерлерді даярлау/қайта даярлау ⇒мынадай бақылау әдістері бойынша жүзеге асырылады:

  • Көзбен шолып бақылау VT
  • Өткіш заттармен бақылау PT (капиллярлық: түрлі-түсті, флюоресценттік)
  • Радиографиялық бақылау RT (гамма- және рентгендік)
  • Радиографиялық кескіндерді мағыналау IRT
  • Ультрадыбыстық бақылау UT
  • Қалыңдық өлшеу ThT (соның ішінде, жабынның коррозиялық және эрозиялық тозуы)
  • Магниттік (магнит-ұнтақты) бақылау MT

Даярлау/қайта даярлау бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес топ құрамында және жеке түрде жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушінің аумағына барып, тапсырыс берушінің жабдығында оқыту, сондай-ақ тапсырыс берушінің практикалық қызметін ескеріп оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға болады.

Топтық және жеке сабақтардың құны туралы ақпарат ⇒сілтеме бойынша  орналастырылған.

 

 Даярлау/қайта даярлау үдерісінің сұлбасы

 

– белгіленген үлгіде өтінім беру;

– шартты ресімдеу;

– тыңдаушы не оның жұмыс берушісі шартқа сәйкес құжаттар пакетін ұсынуы;

– теориялық және практикалық даярлау/қайта даярлау курстарын өткізу;

– біліктілік емтихандарын өткізу;

– біліктілік емтихандарын сәтті тапсырған жағдайда, куәлік (сертификат) ресімдеу, тіркеу және беру;

– қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта емтихан өткізу;

– тыңдаушыдан не оның жұмыс берушісінен апелляциялар келіп түскен жағдайда, оларды қарастыру.

БАЙЛАНЫС

Барлық мәселелер бойынша:

«Ядролық физика институты» РМК 

050032, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Ибрагимов к-сі, 1-үй.

www.inp.kz

E-mail info@inp.kz

ББСӘ ҒТО бастығы,

курс үйлестірушісі – Ермаков Евгений Леонидович

тел: + 8 (727)386-68-42

E-mail ermakov@inp.kz

Факс: +8 (727) 386-52-60

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort