loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ЯФИ РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы

ЯФИ РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (бұдан әрі – Орталық) жалпы ауданы 0,71 га құрайтын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК базасында жұмыс істейді.

Орталықтың қызметі атом энергиясын пайдалану объектілері мен мемлекеттік органдардың персоналын келесі бағыттар бойынша даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған:

  • Ядролық және радиоактивті материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау
  • Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау
  • Ядролық материалдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл
  • Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау
  • Ақпараттық және киберқауіпсіздік

Орталықта дәріс сабақтарды өткізуге, сондай-ақ топпен жұмыс істеуге арналған сыныптар бар. Практикалық сабақтарды өткізу үшін жаттығулық көліктік және жаяу жүретін БӨП, объектілерде қолданылатын нақты жабдықтар орнатылған полигон, толық масштабты жаттығу құрылғылары, физикалық қорғау сыныптары мен ядролық материалдарды есепке алу және бақылау сыныптарында орнатылған әртүрлі макеттер мен стенділер пайдаланылады.

poligon+
20180525_03-e1527243439826

Орталық ядролық және радиоактивтік материалдарды физикалық қорғау, есепке алу, бақылау және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында қазақстандық мамандарды даярлау мақсатында, АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің бастамасымен құрылды. Бұл бағдар мамандарын даярлауға арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған орталық.

Орталықты құру Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті және ядролық қаруды таратпаудың халықаралық режимін нығайтуға қосқан үлесі болды, бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Сеул, Гаага және Вашингтон қалаларында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттерде (2012-2016 жж.) сөйлеген сөзінде және бірлескен мәлімдемелерде бірнеше мәрте айтып өткен. Орталық АЭХА физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлайтын және қызметке жәрдемдесетін Халықаралық орталықтар желісінің мүшесі болып табылады.

Орталықты салуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен АҚШ Энергетика министрлігінің арасындағы әріптестік аясында АҚШ Энергетика министрлігі қаржыландырды. Ресми ашылу салтанаты 2017 жылдың 12 мамырында өтті.

Орталық ашылған сәттен бастап келесі тақырыптамалар бойынша курстар мен семинарлар өткізілді:

  • Физикалық қорғау (ФҚ) негіздері
  • ФҚ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету
  • ФҚ жүйесін жобалау кезінде жобалық қауіпті қолдану
  • ФҚ жүйелеріне инспекция жүргізу
  • Персоналды қорғау үшін радиацияны анықтау және өлшеу
  • Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау
  • Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері
  • Ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты оқиғаларға жауап беру
  • Радиоактивті материалдарды тасымалдаудың физикалық қауіпсіздігі
  • Ядролық және радиациялық объектілерге арналған киберқауіпсіздікке техникалық кіріспе
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеу
  • Нұсқаушыларды даярлаудың базалық курсы және т. б.

Курстың қатысушылары атом энергиясын пайдаланатын объектілердің, ядролық және радиоактивті материалдарды таратпау және оның заңсыз айналымына қарсы әрекет ететін режимінің орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, шекара және кеден қызметтерінің өкілдері.

Орталықта 10-20 адамнан құралған топтар үшін ұзақтығы 40 және 80 сағат болатын 20-дан астам оқу бағдарламаларын қолдануды жоспарлауда.

Орталық жаһандық ядролық қауіпсіздік жүйесі элементтерінің бірі болып табылады және келешекте Орталық Азиядағы мамандарды даярлаудың базалық өңірлік орталығы болуға барлық мүмкіндіктері бар.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort