loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Бөлу физикасының лабораториясы

1966 жылы ЯФИ Реакторлар физикасы зертханасының құрылуымен қатар Қазақстан Республикасында ядролар бөліну физикасы саласындағы зерттеулер басталды, кейіннен зертхана Бөліну физикасы зертханасы болып қайта аталды.

Қызметтер бағыты

Ядролар бөлінуіндегі жарықшақтардың зарядтық, массалық және энергетикалық үлестірілулерінің қалыптасу механизмін зерттеу.

Зертхана ұжымының көп жылдық қарқынды зерттеулерінің нәтижесінде бөлінетін ядролардың кең шоғыры үшін жарықшақтардың қималары, бұрыштық және массалық-энергетикалық үлестірілулері туралы жүйелі эксперименттік ақпараттар жинақталды. Бұл деректер бөлiну процесi туралы түсніктерді, сондай-ақ кең тұрғыда – ядролық материяның қасиеттерi туралы терең білімді тексеруде және нақтылауда мәні бар келесi маңызды нәтижелердi алуға мүмкіндік берді:

Негізгі ғылыми жетістіктері

  • 54Xe бастап 108Hs дейінгі ядролар бөлінуі жарықшақтарының массалық-энергетикалық үлестірілулері туралы бірегей эксперименттік ақпарат жинақталды
  • Бөліну тосқауылдарының және ядролар инерциясының тиімді мезеттерiнiң эксперименттік мәндерi анықталды.
  • Пiшiннiң масса-ассиметриялық варияцияларына қатынасы бойынша жарықшақтардың массалық үлестірілу дисперцияларымен ядролар қаттылығы арасындағы байланыс белгіленді. Z2/A~22.0-43 ядролары үшiн қаттылықтың мәнi анықталды.
  • Бусинаро-Галлон нүтесінің орналасқан орны эксперименттік анықталды (жоғарыда аталған қаттылық 0-ге тең).
  • Алғаш рет қорғасынның аймағында ядролардың төмен энергетикалық бөліну асимметриясы табылды және зерделенді. Осымен ядроларды бөлудің тәуелсіз тәсілдері бар екендігі туралы ғылыми болжам (гетеромодальдық) расталды. Бөлінудің гетеромодальдығы нуклондық құрамның кең аумағында ядролар бөлінуінің әмбебап қасиеттері болып табылатыны көрсетілді.
  • Таллий маңайындағы ядролардың төмен энергетикалық бөлінудің А/2 массалары жақын массалық-энергетикалық үлестірілген жарықшақтардағы қабықшалық эффектілердің айқындалуы алғаш рет экперименттік зерттелді. Бұл эффектілер нейтрондық сандары 52 мен 68 жақын түзілген жарықшақтарда қалыптасқан екі күшті деформацияланған бейтарап қабыршақтардың әсерімен шартталғаны көрсетілді.
  • Aлғаш рет 10 МэВ жоғары қозу энергияларындағы актинидтік ядролардың асимметриялық бөліну жарықшақтарының зарядтық үлестірілулерінің изотоптық инвариантылығы анықталды.
  • Z = 90-97 және A = 230-250 ядро-нысаналарында кинетикалық энергиялары 5 бастап 200 МэВ дейінгі нейтрондары мен протондары бар реакцияларда жарықшақтардан алынған нейтрондар эмиссиясына дейінгі және кейінгі бөліну жарықшақтарының шығуын есептеу үшін жүйелеу әзірленді. Жүйелеу программалық PYF2.2 коды түрінде іске асырылады. Орындалатын коды файл мұнда жүктеуге болады.

В.Н. Околович

В. Н. Околович – бөліну реакциясындағы аномальді-деформацияланған актинидке дейінгі ядролардың құрылымдары мен қасиеттерін зерттеу бойынша ҚР ЯФИ ғылыми бағыттарды құрушы, ҚР ҰҒА академигі, бөліну физикасы зертханасын ұйымдастырушы және алғашқы меңгерушісі.

Зертхананың жұмысы барысында зертхана қызметкерлері 350-ден аса ғылыми жұмыстарды жариялады, олардың 200 жуығы Ресейдің және алыс шетелдің жетекші ғылыми журналдарында жарық көрді, әлемдік ғылыми әдебиеттерде олардың 1080-нен аса сілтемелері бар, физика-математика ғылымдарының 3 докторы және 15 кандидаты дайындалды.

БФЗ меңгерушiсi Т.Н. Квочкина

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс