loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ҚР Ядролық физика институтының Бүлдірмейтін бақылау және сынақтау әдістері ғылыми-техникалық орталығы (ББСӘ ҒТО

ҚР Ядролық физика институтының Бүлдірмейтін бақылау және сынақтау әдістері ғылыми-техникалық орталығы (ББСӘ ҒТО) бүлдірмейтін және бүлдіретін бақылау әдістері саласында мамандарды даярлау/қайта даярлау бойынша курстар өткізеді. ББСӘ ҒТО-да бүлдірмейтін бақылау бойынша 3-ші біліктілік деңгейіне сертификатталған металтану саласындағы дипломды мамандар жұмыс істейді.

Бүлдірмейтін бақылау дефектоскопшыларын және бүлдіретін бақылау зертханаларының мамандарын даярлау/қайта даярлау бағдарламалары теориялық курсты және тиісті жабдықтар мен бақылау әдістемелерін пайдалана отырып жүргізілетін практикалық сабақтарды қамтиды. 

Курсты аяқтап, емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін тиісті даярлау/қайта даярлау бағдарламасы бойынша куәлік (сертификат) беріледі. Бүлдірмейтін бақылау дефектоскопшыларын және зертхана мамандарын даярлау/қайта даярлау бағдарламалары «қорытынды беруге құқылы/құқылы емес» 1-ші және 2-ші біліктілік деңгейлеріне бағдарланған.

 «Қорытынды беруге құқылы» белгісі бар куәлігі (сертификаты) тыңдаушы 2-ші Біліктілік деңгейіне арналған кеңейтілген емтиханды сәтті тапсырған жағдайда, тапсырыс берушінің өтінімі бойынша беріледі.

ББСӘ ҒТО өз қызметін бүлдірмейтін бақылау және металдарды диагностикалау саласындағы ұлттық стандарттарды, қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, Ядролық физика институты РМК Жарғысының негізінде жүзеге асырады.

Қызметкерлерді даярлау/қайта даярлау мынадай бақылау әдістері бойынша жүзеге асырылады (активті батырма):

  • Көзбен шолып бақылау VT
  • Өткіш заттармен бақылау PT (капиллярлық: түрлі-түсті, флюоресценттік)
  • Радиографиялық бақылау RT (гамма- және рентгендік)
  • Радиографиялық кескіндерді мағыналау IRT
  • Ультрадыбыстық бақылау UT
  • Қалыңдық өлшеу ThT (соның ішінде, жабынның коррозиялық және эрозиялық тозуы)
  • Магниттік (магнит-ұнтақты) бақылау MT

Даярлау/қайта даярлау бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес топ құрамында және жеке түрде жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушінің аумағына барып, тапсырыс берушінің жабдығында оқыту, сондай-ақ тапсырыс берушінің практикалық қызметін ескеріп оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға болады.

Топтық және жеке сабақтардың құны туралы ақпарат сілтеме бойынша  орналастырылған (активті батырма).

 Даярлау/қайта даярлау үдерісінің сұлбасы

  • белгіленген үлгіде өтінім беру (активті батырма);
  • шартты ресімдеу;
  • тыңдаушы не оның жұмыс берушісі шартқа сәйкес құжаттар пакетін ұсынуы;
  • теориялық және практикалық даярлау/қайта даярлау курстарын өткізу;
  • біліктілік емтихандарын өткізу;
  • біліктілік емтихандарын сәтті тапсырған жағдайда, куәлік (сертификат) ресімдеу, тіркеу және беру;
  • қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта емтихан өткізу;
  • тыңдаушыдан не оның жұмыс берушісінен апелляциялар келіп түскен жағдайда, оларды қарастыру.

«Ядролық физика институты» РМК
050032, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Ибрагимов к-сі, 1-үй.
www.inp.kz
E-mail info@inp.kz

 

ББСӘ ҒТО бастығы,
курс үйлестірушісі – Ермаков Евгений Леонидович
тел: + 8 (727)386-68-42
E-mail ermakov@inp.kz
Факс: +8 (727) 386-52-60

КӨЗБЕН ШОЛЫП БАҚЫЛАУ

Курс сипаттамасы

Курс көзбен шолып бақылау әдісі бойынша 1 және 2 біліктілік деңгейлеріне емтихандарды тапсыру үшін бақылаушы-мамандарды оқыту мен даярлауға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтардан құралған.

Курс мазмұны

  • Өндіріс технологиясы (дәнекерленген қосылыстар, шыңдалғы, құйынды). Алғашқы және екінші реттік өндірістік процестер ақаулары.
  • Терминдер және анықтамалар;
  • Көздің, көру мүшесінің құрылысы;
  • Жарықтандыру;
  • Бақылауды өткізу шарттары, көзбен шолып бағалаудың тікелей және жанама әдістері;
  • Көзбен шолып бақылауға арналған жабдық;
  • Бақыланатын бетті дайындау;
  • Бақылау тексерісі және өлшемдері;
  • Бақылау нәтижелері бойынша есеп беруді жасау;
  • Өлшеу құралдарын қолдана отырып тәжірибелік сабақтар өткізу және есеп берулерді жасау.

ӨТКІШ ЗАТТАРМЕН БАҚЫЛАУ

Курс сипаттамасы

Курс өткіш заттармен бақылау бойынша 1 және 2 біліктілік деңгейлеріне емтихандарды тапсыру үшін бақылаушы-мамандарды оқыту мен даярлауға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтардан құралған.

Курс мазмұны

  • Өндіріс технологиясы (дәнекерленген қосылыстар, шыңдалғы, құйынды). Алғашқы және екінші реттік өндірістік процестер ақаулары.
  • Терминдер және анықтамалар;
  • Өткіш заттармен бақылау әдісіне кіріспе;
  • Өткіш заттармен бақылаудың негізгі қағидалары;
  • Өткіш заттармен бақылауға арналған жабдық;
  • Бақылауды өткізу;
  • Ақауларды анықтау және олардың критерийлерін бағалау;
  • Бақылау нәтижелері бойынша есеп беруді жасау;
  • Бақылауды өткізу әдістемелері;
  • Негізгі стандарттар;
  • Құжаттама;
  • Контрасты және флуоресценттік пенетранттарды қолдана отырып тәжірибелік сабақтар өткізу және есеп берулерді жасау.

РАДИОГРАФИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Курс сипаттамасы

Курс дәнекерленген қосылыстардың рентгендік, гамма радиографиясын жүзеге асыру, рентгендік пленканы өңдеу және рентгендік суреттерді мағыналау бойынша түсіндіру мен дағдыларды алуға бағытталған. Курс дәнекерленген қосылыстарды радиографиялық бақылау бойынша 1 және 2 біліктілік деңгейлеріне емтихандарды тапсыру үшін бақылаушы-мамандарды оқыту мен даярлауға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтардан құралған.

Курс мазмұны

  • Өндіріс технологиясы (дәнекерленген қосылыстар, шыңдалғы, құйынды). Алғашқы және екінші реттік өндірістік процестер ақаулары.
  • Рентгендік- және гамма-сәулелер қасиеттері;
  • Персоналды қорғау және қауіпсіздік рәсімі;
  • Атом құрылысы;
  • Рентгендік сәулелену генерациясы;
  • Гамма-сәулеленудің табиғи және жасанды көздері;
  • Гамма радиографияны өткізуге арналған жабдық;
  • Радиографиялық пленкалар;
  • Күшейткіш қалқа;
  • Экспозиция диаграммасы;
  • Сипаттамалық қисықтар;
  • Экспозиция есебі;
  • Дәнекерленген қосылыстар радиографиясының технологиясы;
  • Қараңғы бөлмені пайдалану;
  • Радиография сапасы;
  • Радиографиялық суреттерді түсіндіру;
  • Техникалық талаптар және рәсімдер;
  • Тәжірибелік сабақтар: гамма- және рентгендік радиография, радиографиялық суреттерді түсіндіру және есеп берулерді жасау.

 

УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ БАҚЫЛАУ

Курс сипаттамасы

Курс бақылаудың ультрадыбыстық әдісі бойынша 1 және 2 біліктілік деңгейлеріне емтихандарды тапсыру үшін бақылаушы-мамандарды оқыту мен даярлауға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтардан құралған.

Курс мазмұны

  • Өндіріс технологиясы (дәнекерленген қосылыстар, шыңдалғы, құйынды). Алғашқы және екінші реттік өндірістік процестер ақаулары.
  • Ультрадыбыстық ақаукөру әдісінің даму тарихы;
  • УДБ бойынша УДБ терминологиясы және НД шолуы;
  • Шегі жоқ және шектелген орталардағы толқындар. Акустикалық қасиетттері;
  • Орталарды бөлу шекарасы арқылы дыбыстық толқындардың өтуі. Сындық бұрыштар;
  • Дыбыстық тербелістерді беру және қабылдау. УДБ түрлендіргіштері;
  • УДБ тәсілдері. Артықшылықтары және кемшіліктері;
  • УД-сәуленің қалыптасу ерекшеліктері;
  • УДБ метрологиялық қамтамасыз ету. Жасанды шағылдырғыштар;
  • Әртүрлі объектілердің УДБ технологияларының әдістемелік қағидалары;
  • УДБ жабдығы және өлшеу құралдары. УД-сигналдың бейнелеу түрлері.
  • Бақылауды орындау бойынша негізгі операциялар. Ерекше талаптар. Есеп беру бланктерінің нысандары. Жабдықтарды және өлшеу құралдарын тексеру. Бақылауға дайындық.
  • Тәжірибелік сабақтар: Қалыңдық өлшеуіш және ақаукөру УДБ және есеп берулерді жасау.

МАГНИТТІ ҰНТАҚТЫ БАҚЫЛАУ

Курс сипаттамасы

Курс магнитті бақылау әдісі бойынша 1 және 2 біліктілік деңгейлеріне емтихандарды тапсыру үшін бақылаушы-мамандарды оқыту мен даярлауға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтардан құралған.

Курс мазмұны

  • Өндіріс технологиясы (дәнекерленген қосылыстар, шыңдалғы, құйынды). Алғашқы және екінші реттік өндірістік процестер ақаулары.
  • Магниттік бақылау әдістеріне шолу және қысқаша сипаттамасы;
  • Әдіс бойынша терминологиясы және нормативті құжаттамасы;
  • Әдістің физикалық негіздері. Магнит өрістері. Негізгі магниттік сипаттамалар;
  • Магниттік өрістегі ферромагнетиктер, парамагнетиктер және диамагнетиктер;
  • Ақаулар үстінен индикаторлық суреттің қалыптасуы;
  • Магниті ұнтақты бақылау жабдығы және ақаукөру материалдары;
  • Магниттеу тәсілдері. Магниттеу тогын анықтау. Магнитсіздендіру.
  • Индикаторлық суреттің мағынасын ашу. Жалған индикациялар;
  • Қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі;
  • Техникалық талаптар және рәсімдер;
  • Стационарлық және тасымалданатын жабдықты, магниттеудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып тәжірибелік сабақтар өткізу және есеп берулерді жасау.

 

РАДИОГРАФИЯЛЫҚ КЕСКІНДЕРДІ МАҒЫНАЛАУ (ТҮСІНДІРУ)

Курс сипаттамасы

Рентгендік суреттерді түсіндіру және бақыланатын бұйымның сапасын бағалау радиографиялық суреттерді түсіндіруге мамандандырылған, радиография бойынша тәжірибелі дефектоскопшылар көмегімен жүзеге асырылады. Рентгенографиялық пленка эмульсияны біркелкі емес суландырудан, сапасыз көріністен және басқа факторлардан туындаған ішкі шу деңгейі жоғары детектор болғандықтан, шифрды айырып оқи білетін мамандар бұл ақауларды бұйымның ақауынан ажырата білуі керек.

Курс радиографиялық кескіндерді түсіндіруге арналған персоналды оқыту мен даярлауға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтардан құралған.

Курс мазмұны

  • Өндіріс технологиясы (дәнекерленген қосылыстар, шыңдалғы, құйынды). Алғашқы және екінші реттік өндірістік процестер ақаулары.
  • Рентгендік- және гамма-сәулелер қасиеттері;
  • Атом құрылысы;
  • Рентгендік- және гамма сәулелер генерациясы;
  • Гамма радиографияны өткізуге арналған жабдық;
  • Радиографиялық пленкалар және күшейткіш қалқа;
  • Сипаттамалық қисықтар және экспозиция есебі;
  • Қараңғы бөлмені пайдалану;
  • Радиографиялық суреттердің, артефактілердің сапасына әсер ететін факторлар;
  • Радиографиялық суреттерді мағыналау;
  • Тәжірибелік сабақтар: радиографиялық суреттерді түсіндіру және есеп берулерді жасау.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort