loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Aқсай филиалы

Aқсай филиалы

ЯФИ Қарашығанақ мұнай-газконденсатты кен орнындағы қызметі негізінен алты жерасты ядролық қуыстарының болуымен байланысты, олар 1983-1984 жылдары құрылған және газконденсаттың жерасты қоймалары ретінде қолданылуы қажет болатын (ЛИРА объекті). 1998 жылы ЯФИ Ақсай филиалы құрылды, ол «ЛИРА объектілерін кешенді зерттеу және мониторингілеу» жобасы бойынша жұмыстарды орындау үшін өндірістік база болып табылады.

Өткен жылдардың ішінде топырақтың, жер беті және жерасты суының радионуклидтік, макро- және микроэлементтік құрамын мониторингілеумен қатар мониторингтің кешенді жүйесі әзірленіп енгізілді. ҚМГКК іргелес жатқан елді мекендерді радиоэкологиялық зерттеу нәтижесінде, ЛИРА объектілерінің халыққа тигізетін радиациялық әсерінің жоқтығы расталды. 2004 жылы әлемде баламасы жоқ жаңа бағыт – жерасты ядролық қуыстарын жою технологиясына өту белгіленді.

Ерекше мәртебеге ие бола отырып, ЯФИ Ақсай филиалы радиоактивті көздердің импорты мәселелері бойынша көптеген ұйымдармен ынтымақтасып қызмет етеді, сондай-ақ олардың базалық сақталуын және радиоизотоптық аспаптарды орнату орындарында дозиметрлік бақылауды қамтамасыз етеді.
Ғылыми-техникалық әлеуеті және халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі ЯФИ Ақсай филиалына радиоэкологиялық және экологиялық жобаларды сапалы орындауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің № 00059 Сапа жүйесі сәйкестігінің сертификаты бұған дәлел болып табылады.

 

ЯФИ Ақсай филиалы:

  • Қоршаған орта, құрылыс, металл қалдықтары, өндіріс объектілерінің, көмірсутекті өнімнің және т.б. радиациялық көрсеткіштерін өлшеу
  • Судың (ауыз су, жерасты, жербеті), жер мен топырақтың, қауіп-қатер тобын анықтай отырып өндірістік қалдықтардың, көмірсутекті өнімнің химиялық талдауын жүргізеді.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс