loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

75 жылдық мерейтойын Ядролық физика институтының  иондық плазмалық технологиялар зертханасы бөлімінің ғылыми қызметкері Валерий Николаевич Володин атап өтті.

РМК ЯФИ бас директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы мерейтой иесін атаулы мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, табыс,бақыт тілеп, құрмет грамотасын табыс етті.

Валерий Николаевич Володин физикадағы қатты дене мен металлургия саласындағы танымал маманның бірі. Валерий Николаевичтің  еңбегі 270 -тен астам жарияланған еңбектерде көрініс тапқан. Оның ішінде 115-тен астамы патенттік және авторлық өнертабыстық куәлікте көрсетілген.   Сонымен қатар Валерий Николаевич  I Республикалық конкурстың (2003)  жеңімпазы деп танылған пленкалық жабындар өндірісіне қатысты өнертабыстар циклінің және «Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің ІІІ Республикалық конкурсының жеңімпазы деп танылған пленкадағы металдарды наноөлшемді легірлеудің ион-плазмалық технологиялары бойынша өнертабыстар циклінің (2005 ж.) бірлескен авторы болып табылады. 2015 жылы «Академиялық адалдық» сыйлығымен марапатталды.

ЯФИ-ның ұжымы Валерий Николаевич Володинді атаулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілейді.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort