loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Ядролық физика институтының радиациялық  қатты дене физикасы бөлім меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сергей Борисович Кислицин  70 жылдық мерейтойын атап өтті.

Өз кезегінде РМК ЯФИ бас директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы мерейтой иесін атаулы мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, табыс,бақыт тілеп, құрмет грамотасын табыс етті.

Кислицин Сергей Борисович радиациялық материалтану саласындағы ірі ғалымдардың бірі.  Ядролық физика институтындағы  45 жылдық ғылыми еңбек жолында ол барлық қызметтік жолдан өтті. Алғаш инженер математик-программистен қатты дене физикасы бөлімінің меңгерушісіне дейін жетті. Бүгінгі күнге дейін С.Б Кислициннің бірлескен авторлық түрде 300-ден астам ғылыми еңбектері және екі монографиясы, сондай-ақ 30-дан астамы  еңбегі Web of Science (Thomson Reuters) базасында.

Кислицин С.Б  адал әрі мінсіз жұмысы үшін құрмет грамоталар мен және төс белгілермен марапатталған. 2011 жылы «Семей ядролық полигонының жабылуына 20-жыл»  төсбелгісімен, 2016 жылы 1 дәрежелі Құрмет төсбелгісі «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» награтталды.

ЯФИ-ның ұжымы Кислицин Сергей Борисовичты атаулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілейді.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort