Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймыз!
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында 1997 жылы 10 желтоқсанда астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылданды, ал 1998 жылы 6 мамырда Тұңғыш Президенттің Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
Біздің елордамыз – тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, мемлекетіміздің қарқынды өсуінің бейнесі. Қаланың заманауи келбеті – бұл Қазақстанның барлық азаматтарының жетістігі.
Осы мерекеде сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға амандық, денсаулық, жақсылық пен жаңа жетістіктер тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!
Елорда Күніне орай Сіздің назарыңызға құттықтау видеосы ұсынылды!