loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

РМК Ядролық Физика Институты мен Ядролық Зерттеулер Институты арасында келісім жасалды. Кездесу барысында, уәкілетті өкілдер «Өзара түсіністік Меморандумын» бекітіп қол қойды.

Бұл Меморандумның мақсаты – ЯФИ мен ЯЗИ арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құру.

ЯФИ мен Ядролық Зерттеулер Институты арасындағы ынтымақтастық — астрофизикалық нейтрино физикасына бағытталған. ЯФИ мен ЯЗИ Байкал-ГВД телескопынан деректерді заманауи есептеу әдістерін қолдана отырып, өңдеу бойынша бірлескен жұмысты бастауды және Байкал-ГВД деректерінен қалпына келтірілген IceCube телескоп сигналдары мен оқиғалары арасындағы бағыт пен уақыт корреляциясын іздеуді жоспарлап отыр.

ЯФИ және ЯЗИ жауапты тұлға ретінде, проф., ф.м.ғ.д. Г.В. Домогацкийді және PhD А.Н. Исадықовты осы келісімнің мақсаттарын орындау үшін үйлестіруші ретінде тағайындайды.

Ядролық физика институты Ресейдегі жалпы жұмысқа қажетті белгілі бір жабдықпен Ядролық Зерттеулер Институтын қамтамасыз ете алады.

Осы Келісім 07.09.2021 күнен бастап күшіне енді.

 

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort