loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қаңтардың 29 күні ҚР энергетика  вице-министрі Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы  Ядролық физика институтында іссапар аясында болды. Сапар барысында Жандос Демесінұлы ЯФИ бас директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлымен  және институт қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында жұмыс кеңесі өткізіліп, институттың қызметі мен жоспарлары  талқыланды.

Атап айтқанда, институт директоры «Сутегі бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстар туралы және институт негізіндегі құзыреттілік орталықтың болашақ жоспарлары жайын баян етті.

Сондай-ақ вице-министрге Ядролық физика институтында ұйымдастырылған  экскурсия  аясында Жандос Демесінұлы ВВР-К ғылыми-зерттеу реакторы, Циклон-30, У-150М, УКП-2-1, ИЛУ-10, біріктірілген экологиялық орталықта, зерттеу және жаңа химиялық ESEC зертханасында болды.

Атомдық энергияның қауіпсіздік проблемалары зертханасының меңгерушісі Шаймерденов А.А КИР ВВР-К зерттеу реакторы туралы ақпарат беруде
Cyclone-30, У-150М үдеткіш технологияларының ғылыми-техникалық бөлімінің бастығы Орешкин П.А. вице-министр Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлына институтта өндірілетін өнімдерді таныстыруда
Кешенді экологиялық зерттеулер орталығының меңгерушісі Глущенко В.Н.
орталықтың жұмысы туралы ақпарат беру барысында
Елеуов М.А. жаңа ESEC химия зертханасын таныстыруда

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort