loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Бүгінде қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік кез-келген компания мен ұйымның корпоративтік саясатының маңызды бөлігіне айналып келеді.

Осы орайда 2021 жылдың 25 желтоқсанында бас директордың бас кеңесшісі Нәби Асқар Кәрімұлы мен РМК ЯФИ  КЭЗО инженері Орақова Мөлдір Серікқызы қайырымдылық акциясы аясында «Қалалық паллиативті көмек көрсету орталығында» болып қайытты.

Қалалық паллиативті көмек көрсету орталығы» — ауыр және жазылмайтын аурулары бар науқастарға,сондай-ақ олардың отбасылары мен қамқоршыларына стационар жағдайында паллиативтік көмек (медициналық,арнаулы әлеуметтік қызметтер.рухани қолдау) көрсететін медициналық ұйым болып табылады.

«Паллиативті көмек бүкіл әлемде белсенді дамып келе жатқан медицина саласы болып табылады. Оның мақсаты ауыр сырқаттың салдарынан қиын жағдайда қалған адамдардың өмір сапасын жақсарту. Көмек науқастың қайғы қасіретін жеңілдету, ауырсынуды және басқа күйзелтетін физикалық белгілерді дұрыс бағалау және жеңілдету, сондай-ақ пациенттер мен олардың отбасыларына психологиялық, әлеуметтік-құқықтық  және рухани қолдау арқылы жүргізіледі.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс