loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2021 жылғы 22 Шілдеде Америка Құрама Штаттары елшілігінің өкілдері, АҚШ Энергетика министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бөлімінің директоры Nicholas Andrew Carolson тұлғасында Алатау кентіндегі ядролық физика институтына ресми іс-сапармен келді.

Сапар барысында АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің және АҚШ-тың экспортты мемлекеттік бақылау және шекаралық қауіпсіздік департаментінің (EXBS) өкілдері ЯФИ бас директоры Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзовпен кездесті, кездесу барысында ЯФИ мен АҚШ Энергетика министрлігі арасындағы алдағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ делегацияға Алматы қаласындағы ЯФИ базасындағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы көрсетілді.

Делегация үшін Ядролық физика институты бойынша экскурсия жүргізілді, атап айтқанда ВВР-К ядролық зерттеу реакторы мен Кешенді экологиялық зерттеулер орталығы көрсетілді.







Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс