loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2022 жылғы 4-7 сәуір аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында «Радиоактивті материалдарды тасымалдау кезіндегі физикалық қауіпсіздік» оқыту курсы өткізілді. Оқытуды Қазақстан-америка энергетикалық әріптестігі шеңберінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік жөніндегі әкімшілігінің радиологиялық қауіпсіздік кеңсесі ұйымдастырды.

Курстың мақсаты – автокөлік құралдарымен радиоактивті материалдары бар жүктерді тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың негізгі элементтерімен, радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауды жоспарлау және қауіпсіздік жоспарын әзірлеу барысымен танысу.

Курс радиоактивті материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етуге жауапты атом саласының мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының мамандарына арналған. Оқыту шеңберінде АҚШ және Қазақстан нұсқаушылары теориялық, сондай-ақ практикалық сабақтар өткізді. АҚШ ЭМ Оак-Ридж ұлттық зертханасының америкалық нұсқаушылары курстың жұмысына ZOOM ақпараттық платформасын пайдалану арқылы онлайн режимінде қатысты.

Оқыту қорытындылары бойынша 18 қазақстандық маманға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort