loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 
     25 сәуірде Алматы қаласы ядролық физика және элементар бөлшектер бойынша халықаралық семинардың ашылуы өтті. Семинарды Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ ) теориялық физика зертханасы мен Ядролық физика институты ұйымдастырды.
Ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған семинар  БЯЗИ  мен Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері арасында жаңа бірлескен жобалар мен зерттеулер үшін ғылыми байланыстарды орнатуға бағытталған.

Семинарда ЯФИ РМК бас директорының міндетін атқарушы Джансейтов Данияр Маралұлы сөз сөйлеп, 65 жыл бойы ЯФИ мен БЯЗИ арасындағы тығыз қарым-қатынасқа тоқталды, сонымен қатар ғылым игілігі үшін  бірлескен жұмыстарды атқарып жатқан ғалымдардың еңбектерін атап өтті.

Конференцияға қатысушылардың барлығына жемісті жұмыс және жаңа ғылыми жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ, құттықтау сөздері мен институтқа алғысын  Н.Н Боголюбов атындағы  теориялық  физика зертханасы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Антоненко Николай Викторович білдірді.

Исадықов Айдос Нұрланұлы ұйымдастыру алқасының атынан қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл кездесулердің  дәстүрге айналуы екі елдің ғылым саласындағы өзара қарым-қатынасының тиімді құралы бола алатына сенім білдірді.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort