loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Ядролық физикалық қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылғы 28-30 маусым аралығында Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында «Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті және ішкі тәртіп бұзушы әрекеттерінің салдарын жеңілдету» семинары өткізілді. Іс-шараны ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті АҚШ ЭМ Ұлттық ядролық қауіпсіздік жөніндегі басқармасының Халықаралық ядролық қауіпсіздік басқармасымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Осы техникалық алмасу семинарының мақсаты Қазақстандағы физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы мүдделі тараптар арасында ынтымақтастық пен тұрақты қарым-қатынастарды орнату, мүдделі тараптарды біріктіру, физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы әлеуетті арттыру және күшті жақтар мен ықтимал олқылықтарды анықтау болып табылады.

Семинар жұмысына Қазақстаннан ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Ұлттық ядролық орталығының, Ядролық физика институтының, Үлбі металлургия зауытының, МАЭК-Қазатомөнеркәсібінің, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығының ядролық физикалық қауіпсіздікті басқаруға және ұйымдастыруға жауапты мамандары қатысты.

Семинарға ZOOM ақпараттық платформасын пайдалану арқылы АҚШ ЭМ Халықаралық ядролық қауіпсіздік басқармасының, Окридж ұлттық лабораториясының, Лоуренс атындағы Ливермор ұлттық лабораториясының, Тынық мұхит солтүстік-батыс ұлттық лабораториясының, Лос Аламос ұлттық лабораториясының және Y-12 қауіпсіздік кешенінің американдық өкілдері қатысты. Сондай-ақ, семинар жұмысына Нұр-Сұлтан қ. АҚШ Елшілігі жанындағы Энергетика министрлігі бөлімінің өкілі қатысты.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort