2021 жылғы 23-26 қарашада ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Үлбі-ЖБЖ» ЖШС, «АППАК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «ЖТИ» ЖШС мамандары үшін кезекті «Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері» курсын өткізді.
Курс мақсаты – ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту, жүйенің базалық элементтерімен таныстыру. ЯҚОО нұсқаушылары теориялық және практикалық сабақтар, Орталықтың орынжайларымен және оқыту полигонымен таныстыру турын өткізді. Сондай-ақ, оқыту барысында курс тыңдаушылары үшін ССР-Қ ЗРК-іне бару ұйымдастырылды.
Оқыту қорытындылары бойынша ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға жауапты 12 қазақстандық маман курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.