loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

АҚШ Қорғаныс министрлігінің  Қауіп-қатерлерді азайту жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық шеңберінде («Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы) 2022 жылдың 14-18 ақпан аралығында ЯФИ-дың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында «Ядролық физикалық қауіпсіздік саласында инспекциялар жүргізу» оқу курсы ұйымдастырылды.

Курс мақсаты – ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы инспекцияларды жоспарлау және оларды жүргізу қағидаттары мен әдістерімен таныстыру, ядролық объектілерде инспекция жүргізудің практикалық дағдыларын үйрету. Оқу курсы шеңберінде АҚШ пен Қазақстан нұсқаушылары физикалық қорғау, ядролық материалдарды есепке алу және бақылау, сондай-ақ  ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріне инспекция жүргізу бойынша теориялық және практикалық дәрістер өткізді. Америкалық нұсқаушылар мен сарапшылар курс жұмысына онлайн режимінде қатысты.

Оқу курсының соңында ҚР ЭМ АЭҚБК төрағасының орынбасары Ғ.Е. Серғазин мен ЯФИ РМК бас директоры Б.К. Қаракөзов  қазақстандық 15 маманға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort