loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Ақпанның 2 күні «Ғылым ордасы» базасы негізінде еліміздің ұлттық және мемлекеттік университеттерінің ректорлары  мен ғылыми зерттеу институттар арасында ынтымақтастық келісімге қол қойылды.

Мақсаты — ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Кездесу аясында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов  білім мен ғылымның жүйесі үшін мұндай ауқымды және көпжақты байланыс арқылы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

ЯФИ РМК институтының бас директоры  Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзов пен Қазақстан-Британ техникалық университеті ректоры Маратбек Төлепбергенұлы Ғабдуллин және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры  Ерлан Бәтташұлы Сыдықов арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Келісім аясында аталмыш ЖОО-ның студенттері, магистранттары және доктаранттары ЯФИ РМК ғылыми зертханаларында тағылымдамадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналаса алады.

               «Ядролық физика институты» РМК бас директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы

Ғылым мен білімнің интеграциясын дамыту жөніндегі бүгінгі іс-шара, менің ойымша, Қазақстан экономикасын жаңғырту мен технологиялық дамытудың басым бағыттары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және басым бағытта инновациялық қызметті әзірлеуге жаңа серпін береді деп ойлаймын. Ғылыми институттар мен университеттер арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын.

ЯФИ РМК бас директоры  Батыржан Көмекбайұлы, ҚБТУ ректоры Маратбек  Төлепбергенұлы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры  Ерлан Бәтташұлымен қол қою барысында

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort