loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ШВЫРЕВ СЕРГЕЙ ИВАНОВИЧ (16.08.1958 ж. – 08.09.2021 ж.)

Ядролық физика институты Ядролық физика институтының Ақсай филиалының директоры Сергей Иванович Швыревтің қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды.

Сергей Иванович адал ниетті және жауапты маман, жоғары деңгейлі кәсіби және тамаша басшы болды. Ол Ақсай филиалын ұйымдастыруға және дамытуға үлкен үлес қосты, оның басшылығымен зертханалық модуль ғимараттары және иондаушы сәулелену көздерінің қоймасы, газ қазандығы салынды, «Лира» объектілерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бағдарламалардың негізгі бөлігі іске асырылды.

Әкімшілік, кәсіподақ комитеті және Ядролық физика институтының ұжымы Сергей Иванович Швыревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс