loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ЯФИ РМК-да пайдаланылған жабық ИСК-ні сақтау пункті құрылысының аяқталуы туралы баспасөз хабарламасы

«Ядролық физика институты» РМК-да (ЯФИ РМК) пайдаланылған жабық иондаушы сәулелену көздерін (ИСК) ұзақ мерзім сақтайтын өңірлік пункттің құрылысы аяқталды. Бұл объектіні құру Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен АҚШ Энергетика департаменті (DOE U.S.) арасындағы энергетикалық серіктестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Global Affairs Canada мен DOE U.S. бірлесіп ЯФИ РМК-да пайдаланылған ИСК ұзақ мерзім сақтау пунктін құру бойынша жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асырды.

Жобалау аяқталып, ҚР тиісті ұйымдары тарапынан келісімдеу алынғаннан кейін 2020 жылдың мамыр айында объектінің құрылысы басталды. Құрылыс мерзімі COVID-19 пандемиясына байланысты бірнеше рет ұзартылып отырды және ҚР командасы құрылыс барысында бірнеше проблеманы еңсеруіне мәжбүр болды. Қиындықтарға қарамастан, сақтау қоймасының құрылысы 2021 жылдың шілде айының басында ойдағыдай аяқталды.

2021 жылғы 9-14 шілде аралығында ЯФИ РМК бас директоры Б.К. Қаракөзов бастаған қабылдау комиссиясы сақтау қоймасын пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстар жүргізді. Комиссия жұмысының кезінде қаптамаларды сақтау ұяшықтарына орналастыру технологиясы көрсетілді және объектіні кешенді қабылдау жүзеге асырылды. Жобалау құжаттамасын қарастырып, объектіні қарап шыққаннан кейін комиссия 2021 жылғы 9 шілдеде объектінің барлық талаптарға сәйкес келетіндігі туралы және пайдалануға берілуге дайын екенін жариялады.
Сақтау қоймасының сыртқы түрі

Салынған жерасты сақтау қоймасы тереңдігі 7,5 метр құрайтын САЙЛО түріндегі 12 ұяшықтан тұрады, онда пайдалану мерзімі өткен жабық гамма- және нейтрондық сәулелену көздері бар қаптамалар орналастырылатын болады. Қойманың жер үсті бөлігі металл ангар түрінде жасалған.
Қабылдау комиссиясы DOE U.S. үшін Сақтау қоймасын қабылдауды жүзеге асыруда. 2021 ж. 9 шілде


Қаптамаларды сақтау қоймасына орналастыру технологиясын көрсету

Қазіргі таңда, ҚР «Ядролық физика институты» РМК пайдаланылған жабық ИСК сақтау пункті болып табылады және жыл сайын 250-ге жуық ИСК, оның ішінде иесіз ИСК қабылдайды. Кәсіпорынның қолданыстағы сақтау қоймасы 80%-ға толған, бұл ЯФИ РМК-ның пайдаланылған ИСК-ні қабылдаудағы мүмкіндіктерін едәуір шектейді.

Бұдан бөлек, өңірде Қазақстандағы ИСК-нің ең көп мөлшері айналымда (ҚР-дағы ИСК-нің жалпы мөлшерінің ~65%-ы) және ИСК-нің салыстырмалы түрде көп мөлшерін оларды көмуге орналастырғанға дейін немесе оларды қайта өңдегенге дейін бірнеше ондаған жылдар бойы сақтауға мүмкіндік беретін басқа өңірлік сақтау қоймасы жоқ.

Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ЯФИ РМК аумағында пайдаланылған ИСК-ні ұзақ мерзім сақтайтын жаңа өңірлік пунктті пайдалануға беру:

  • өнеркәсіптік және медициналық мақсаттағы пайдаланылған активтілігі жоғары көздерді кейіннен сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
  • өңірдегі және жалпы Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосуға, сондай-ақ ЯФИ РМК-да денсаулық сақтау ұйымдары үшін радиофармпрепараттар өндірісін ескере отырып, халық денсаулығын сақтаудың алдын алу мәселесін шешу үшін негіз жасауға;
  • ЯФИ РМК-ның сақталған материалды-техникалық базасын одан әрі дамыта және аталған салаға жаңа технологияларды ендіре отырып тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған ИСК сақтау пунктінің құрылысын 2020 жылдың ақпан айында мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен Жобаға сәйкес «ПРОМКОМПЛЕКТ-Б» лицензияланған құрылыс компаниясы жүргізді. Авторлық қадағалауды «Энергохолдинг LTD» ЖШС лицензияланған жобалау компаниясы жүзеге асырды. Техникалық қадағалауды тиісті лицензиясы бар «ЫРЫС-Эксперт-Курылыс» компаниясы жүргізді.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс