loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2021 жылдың қараша айында ЯФИ РМК Радиациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығы “JULDYZ KENAN Co.,LTD” ЖШС (www.juldyzkenan.kz) отандық тауар өндірушінің қолдауымен, медициналық мақсаттағы бұйымдарды радиациялық зарарсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапа менеджменті жүйесінің ISO 13485:2016 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі бойынша сертификаттау аудитінен сәтті өтті.

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган ретінде LL-C (Certification) Czech Republic a.s. халықаралық компаниясы сөз сөйледі. LL-C (Certification) (www.ll-c.ru) компаниясы Чех аккредиттеу институтымен аккредиттелген, халықаралық аккредиттеу форумының (IAF) мүшесі. Топтың штаб-пәтері Прагада, Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылатын Чех Республикасында орналасқан.

ЯФИ РМК Радиациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығының сапа менеджменті жүйесі келесі сертификаттау саласы үшін ISO 13485:2016 тексерілді және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес деп танылды: «Electron beam sterilization of medical devices, sterilization on the electron beam accelerator» (“медициналық бұйымдарды электронды-сәулелі стерилизациялау, электронды-сәулелі үдеткіште стерилизациялау”). Мұны 2021 жылдың 7 желтоқсанынан 2024 жылдың 6 желтоқсанына дейін әрекет ететін № 760054 куәлігі, жарамдылық коды 5F2566F5-C76 куәландырады.

Медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету нормативтік талаптарға және тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру сәйкестігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұл мәселелер ISO 13485 стандартымен қамтылған.

Қазіргі уақытта, Ядролық физика институты жыл сайын 29 қазақстандық және халықаралық компанияларға медициналық мақсаттағы бұйымдарды радиациялық зарарсыздандыру бойынша қызмет көрсетеді. Ядролық физика институты жыл сайын 12 миллионнан астам медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандырады.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort