loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ҚР ЭМ Ядролық физика институтының қызметкерлері Здоровец Максим Владимирович пен Козловский Артем Леонидович жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығының алғашқы 50 иегерлерінің бірі болды

2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы тағайындалды. Бұл сыйлықтың мақсаты ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу болып табылады. Бұл сыйлық «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария» және «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» сияқты 7 бағыт бойынша жетекші ғылыми қызметкерлер мен ғалымдарға беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 623 бұйрығына сәйкес Ядролық физика институтының қызметкерлері Здоровец Максим Владимирович пен Козловский Артем Леонидович «Инжиниринг және технологиялар» бағыты бойынша жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер»сыйлығының ТОП-50-іне кірді.

Ядролық физика институтының ұжымы жүлде иегерлерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тілейді!

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort