loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2021 жылы қазан айының 11-і мен 15-сі аралығында, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Ядролық Физика Институты негізінде аралас форматта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған XXV Халықаралық жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясының (AYSS-2021) салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жыл сайын өткізілетін бұл конференцияға студенттер, жас ғалымдар және әлемдегі ғылыми орталықтардың мамандары қатысты. Аталған іс-шара БЯЗИ ЖҒМБ-ның алғашқы көшпелі конференциясы екенін атап өткен жөн.

Конференцияның шымылдығын ЯФИ бас директоры Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзов пен БЯЗИ директорының көмекшісі Григорий Дмитриевич Ширков ашты.

Конференция аясында жетекші ғалымдар БЯЗИ-де алынған негізгі нәтижелерге назар аудара отырып, бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан соңғы теориялық, эксперименттік және қолданбалы зерттеулер туралы дәрістер оқыды. Конференция барысында келесі тақырыптар талқыланды:

  • Теориялық физика;
  • Математикалық модельдеу және есептеу физикасы;
  • Жоғары энергиялар физикасы;
  • Бөлшектер үдеткіштері және ядролық реакторлар;
  • Эксперименттік ядролық физика;
  • Ақпараттық технологиялар;
  • Конденсацияланған күй физикасы;
  • Қолданбалы зерттеу;
  • Өмір туралы ғылым.




 

 

 

 

 

 

 

 

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort