Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің РМК ЯФИ-на іс-сапары
2021 жылы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мирзағалиев Мағзұм Маратұлы Ядролық физика институтына ресми іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында Энергетика министрі Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы ЯФИ бас директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлымен кездесті. Кездесу барысында жұмыс жиналысы өткізіліп, онда өзекті тақырыптар талқыланды. Бас директор Батыржан Көмекбайұлы «Сутегі бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстар туралы және Институт жанындағы құзыреттілік орталығының алдағы жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ІІІ Халықаралық ғылыми форум «Ядролық ғылым мен технология» ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Энергетика министріне Ядролық физика институтына экскурсия жасалынды, оның барысында министр ВВР-К зерттеу реакторында болды.