loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

БНҚ
Іске асыру мерзімі: 2021-2023
BR10965191 – Бәсекеге қабілетті технологияларды дамыту үшін ядролық және радиациялық физика, жоғары энергиялар физикасы және космология бойынша кешенді зерттеулер

Өзектілік

Бағдарламаны іске асыру барысында Ұлы теорияны құру үшін қажетті күшті, әлсіз және гравитациялық өзара әрекеттесудің іргелі қасиеттері мен сипаттамалары туралы жаңа білім алу жоспарланып отыр. Ядролық және радиациялық физика, жоғары энергиялар физикасы және космология бойынша жаңа тұрақтылар алу үшін жаңа эксперименттік және теориялық әдістемелерді, программалық жасақтаманы әзірлеу. Экзотикалық тұрақты және радиоактивті ядролардың түзілу қималары туралы жаңа білім өнеркәсіп пен медицина үшін радиоизотоптар өндірудің жаңа технологияларын әзірлеуге негіз болады. Фазалық түрлену толқынының көріну шарттарын сипаттайтын жаңа эксперименттік деректер, және оның салдары ретінде жоғары зақымдаушы дозаларға дейін нейтрондармен сәулелендірілген реакторлық болаттардың аномальды жоғары пластикалылығы төртінші буын реакторларының қауіпсіз жұмыс істеуі бойынша ұсынымдар әзірлеуге қажет. Иілгіш тасымалдағыштағы асқын өткізгішті жабындарды ионды-плазмалық қалыптастыру технологиясы бойынша жаңа әзірлемелер ұзын өлшемді асқын өткізгіш таспаларды қалыптастырудың өнеркәсіптік технологиясын әзірлеу үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік ашады. Бұл Қазақстан Республикасында әлемде сұранысқа ие жоғары технологиялық өнімдердің меншікті өндірісін – өнеркәсіп пен медицина үшін асқын өткізгішті магниттік жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Ғарыштық сәулелер ағындарының планетамыздың атмосферасына және магнит өрістеріне әсерінің салдарын, және олардың Жер бетіндегі ғаламдық жылынудың байқалған процесіндегі рөлін зерттеу, бұл Жер бетіндегі ғаламдық температураның өзгеруін ұзақ мерзімді болжау үшін өте маңызды.Үлкен деректерді сақтау және өңдеу көздерін интеграциялау тетіктерінің жаңа әзірлемелері Қазақстанда ақпараттық технологияларды одан әрі дамытуға негіз болады. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдік деңгейдегі жоғары білікті кадрларды даярлау.

Мақсаты

Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы арасындағы Халықаралық ынтымақтастық жол картасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде бәсекеге қабілетті технологияларды дамыту үшін ядролық және радиациялық физика, жоғары энергиялар физикасы және космология бойынша жаңа константалар алу үшін жаңа эксперименттік және теориялық әдістемелерді, программалық жасақтаманы әзірлеу, Қазақстан үшін ядролық-құзыретті кадрлар даярлау.

 

Күтілетін нәтижелер

Радиоизотоптарды өндіру мен жұлдыздардағы нуклеосинтез үшін, «EXFOR» АЭХА ядролық деректер базасын толықтыру үшін қажетті экзотикалық радиоактивті ядролардың түзілу шығыстары туралы жаңа деректер.

Қолданыстағы атом станцияларының пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жоғары зақымдаушы дозаларға дейін нейтрондармен сәулелендірілген реакторлық болаттардың аномальды жоғары пластикалылығы туралы жаңа эксперименттік деректер.

Жемірлеуден кейін фосфаты шыныдағы ядролық тректердің кескіндерін автоматтандырылған өңдеу программалық жасақтамасы. Иондар зарядының тректердің өлшенетін сипаттамаларына параметрлік тәуелділігі.

Иілгіш тасымалдағышта әртүрлі асқын өткізгішті жабындарды қалыптастыру әдістемесі және иілгіш тасымалдағышта әртүрлі қосылыстардың асқын өткізгішті жабындарының тестілік үлгілерін жасау.

«Адрон-44» және «ИНКА-55» қондырғыларында алынған оқиғалардың азимуттық бұрыштарының және жалған шапшаңдықтарының есептелген шамалары. Екі бөлшектік корреляциялық функция әдістемесін пысықтау алгоритмдері.

Ғарыштық сәулелер ағындарының өзгеруі, әртүрлі ендіктерде жер атмосферасындағы иондану деңгейі және Жердегі ғаламдық температура вариациясы арасындағы мүмкін болатын өзара байланысты анықтау.

Кварк-глюонды плазма бөлшектерінің өзара әрекеттесуінің тиімді потенциалының моделі. Кварк-глюонды плазмадағы ауыр кварктерге тепе-теңдіксіз эффектісінің әсері туралы деректер.

Гравитацияның жетілдірілген модельдері аясында Ғаламның кең ауқымды құрылымдарының ерекшеліктерін дұрыс сипаттайтын қараңғы материя моделі.

Адрондардың кварк-глюонды плазманың деконфайнмент күйіне ауысуын әзірлеу және үлкен көлденең импульсті адрондық ағындардың эксперименттік байқалатын бәсеңдеуіне тұтқырлық пен бейсызықтықтың әсерін сандық есептеу нәтижелері.

Асимметрияның әртүрлі дәрежесіндегі ядролардың өзара әрекеттесуінде пайда болған екінші реттік бөлшектердің үлестірілуінде динамикалық корреляциялар мен флуктуацияларды егжей-тегжейлі зерттеу негізінде заттың адрондық күйден кварк-глюонды плазмаға фазалық ауысуының эксперименттік көрінісі туралы жаңа білім.

Гравитацияның модификацияланған теориясы шеңберінде әртүрлі симметриялы (домендік қабырғалар, ғарыштық ішектер, көртышқан індері, жұлдыздар) объектілерді сипаттайтын жаңа тұрақты шешімдерді алу.

Терең нейрондық желілерді қолдана отырып, тректік детекторлардың деректері негізінде оқиғаларды қалпына келтіру алгоритмдері мен программаларын әзірлеу.

Басқарушылық шешімдерге арналған ЦЕРН-ЯЗБИ-ЯФИ-ҚазҰУ жергілікті деректер орталығының бағдарламалық жасақтамасы.

Ядролық және радиациялық физика, жоғары энергиялар физикасы және космология саласындағы құзыретті жас мамандар.

Алынған нәтижелер

Зерттеу нәтижелері және олардың жаңалығы: 13С(3Не,α)12С, 9Ве(13С,13С)9Ве реакцияларының жаңа эксперименттік және есептік дифференциалды қималары алынды; аустениттік реакторлық болаттардағы фазалық түрлену толқынының қалыптасуына және дамуына нейтрондық сәулелендіру параметрлерінің әсері анықталды; ядролық эксперименттердің тректік детекторларының деректері бойынша оқиғаларды қайта құру үшін терең нейрондық желілердің модельдері салыстырылды; иондаушы бөлшектер ағындарының атмосфералық процестерге қосатын үлесі бағаланды; деректерді өңдеудің жергілікті орталығына арналған деректердің үлкен ауқымын үлестіріп өңдеу алгоритмдері әзірленді; аса өткізгіш интерметаллидтердің сенімді синтезі үшін жабындарды алудың жаңа әдістемесі пысықталды; кварк-глюонды плазманың шекарасындағы толқындардың дисперсиялық қатынасы анықталды; ядро-ядролық өзара әрекеттесудің перифериялық дәрежесін бағалау критерийлері табылды; кварктардың адрондарға, кейін аралас кварк және адрон фазаларының кварк-глюонды плазмаға фазалық ауысулары модельденді, сондай-ақ кварк-глюонды плазманың адронизациясы модельденді; қараңғы материя ретінде аксиондардың модельдері анықталды; шекаралық және асимптоталық жағдайлар алынып, домен қабырғаларын, ғарыштық жолдарды, үңгілерді, жұлдыздарды сипаттайтын шешімдер табылды; ядролық және радиациялық физика, жоғары энергиялар физикасы және космология жөніндегі білікті жас мамандар даярланды.

Зерттеу тобы мүшелері-нің аты-жөні (лауазымы, дәрежесі) олардың идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

1 Бағдарлама жетекшісі – Буртебаев Н., ф.-м.ғ.д., проф., Зерт. Мең.

Scopus Author ID – 6602650804, ORCID ID -0000-0002-4715-9604

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6602650804

https://orcid.org/0000-0002-4715-9604

2 Жаканбаев Елдар Асхатович, ф.-м.ғ.к., Зерт. Мең.

Scopus Author ID – 7801409744, ORCID ID -0000-0001-9133-5487

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=7801409744

https://orcid.org/0000-0001-9133-5487

3 Садыков Турлан Хамзинович, ф.-м.ғ.д., проф., Зерт. Мең.

Scopus Author ID – 6701423748, ORCID ID -0000-0002-4349-4616

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6701423748

https://orcid.org/0000-0002-4349-4616

4 Морзабаев Айдар Капарович, ф.-м.ғ.к., доцент

Scopus Author ID – 26531512300

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=26531512300

5 Рамазанов Тлеккабул Сабитович, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, профессор, БҒҚ

Scopus Author ID – 6701328029

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6701328029

6 Абишев Медеу Ержанович, ф.-м.ғ.д., проф., Каф. Мең.

Scopus Author ID – 26530759900, ORCID ID -0000-0003-3602-6934

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=26530759900

https://orcid.org/0000-0003-3602-6934

7 Джунушалиев Владимир Джумакадырович, ф.-м.ғ.д., проф.

Scopus Author ID – 55887756300, ORCID ID -0000-0001-9479-5606

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55887756300

https://orcid.org/0000-0001-9479-5606

8 Мансурова Мадина Есимхановна., ф.-м.ғ.к., доцент, Каф. Мең.

Scopus Author ID – 56617164900, ORCID ID -0000-0002-9680-2758

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56617164900

https://orcid.org/0000-0002-9680-2758

9 Лебедев Игорь Александрович, ф.-м.ғ.д., Зерт. Мең.

Scopus Author ID – 35986742800, ORCID ID -0000-0002-7562-9925

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=35986742800

https://orcid.org/0000-0002-7562-9925

10 Темиралиев Абзал Турсынханович, ф.-м.ғ.к., АҒҚ

Scopus Author ID – 57188694124, ORCID ID -0000-0003-2952-1451

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57188694124

https://orcid.org/0000-0003-2952-1451

11 Полухина Наталья Геннадьевна, ф.-м.ғ.д., Зерт. Мең.

Scopus Author ID – 6603355151

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6603355151

12 Цай Кира Викторовна ф.-м.ғ.д., доцент, ЖҒҚ

Scopus Author ID – 7201565799, ORCID ID -0000-0003-2817-9674

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=7201565799

https://orcid.org/0000-0003-2817-9674

13 Кореньков Владимир Васильевич, т.ғ.д., Директор ЛИТ

Scopus Author ID – 57193414565, ORCID ID -0000-0002-2342-7862

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57193414565

https://orcid.org/0000-0002-2342-7862

14 Белисарова Фарида Бексултановна ф.-м.ғ.к., доцент, ор. каф. Мең.

Scopus Author ID – 57189071061

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57189071061

Жарияланымдар тізімі (оларға сілтемелері бар) және патенттер

2021 жылға арналған жарияланған жұмыстар тізімі

Шетелдік басылымдарда:

1  Nassurlla Marzhan, Burtebayev N., Karakozov B.K., Sakuta S.B., Boztosun I., Amangeldi N., Morzabayev A.K., Yergaliuly G., Alimov D.K., Burtebayeva J., Nassurlla Maulen., Mauyey B., Kucuk Y., Hamada Sh., Sabidolda A., Khojayev R. New measurements and analysis of elastic scattering of C-13 by Be-9 nuclei in a wide energy range // European Physical Journal A. – 2021. – Vol. 57, Iss.7. – P.231. – DOI: 10.1140/epja/s10050-021-00539-z – WoS: Impact Factor – 3.043, Q2. – Scopus: Percentile 76, CiteScore – 4.5, SJR – 1.232.

https://epja.epj.org/articles/epja/abs/2021/07/10050_2021_Article_539/10050_2021_Article_539.html

2  Dzhunushaliev V. and Folomeev V. Static and collapsing configurations supported by the spinor fluid // Physical Review D. – 2021. – Vol. 103, Iss.12 – P.123017. – DOI: 10.1103/PhysRevD.103.123017. – WoS: Impact Factor – 5.296, Q1. – Scopus: Percentile 95, CiteScore – 8.9, SJR – 1.887. https://journals.aps.org/prd/abstract/10.1103/PhysRevD.103.123017

3  Dzhunushaliev V. and FolomeevV. Masking singularities in Weyl gravity and Ricci flows // European Physical Journal С. – 2021. – Vol.81, Iss.5. P. – 387. – DOI: 10.1140/epjc/s10052-021-09188-4. – Scopus: Percentile 92. CiteScore – 8.3, SJR – 1.938. https://epjc.epj.org/articles/epjc/abs/2021/05/10052_2021_Article_9188/10052_2021_Article_9188.html

4  DzhunushalievV., Folomeev V.and Tlemisov A. Linear energy density and the flux of an electric field in Proca tubes // Symmetry-Basel – 2021. – Vol.13, Iss. 4. – P.640. – DOI: 10.3390/sym13040640. – WoS: Impact Factor – 2.713, Q2. – Scopus: Percentile 66. CiteScore – 3.4, SJR – 0.385. https://www.researchgate.net/publication/350829753_Linear_Energy_Density_and_the_Flux_of_an_Electric_Field_in_Proca_Tubes

5  Dzhunushaliev V., Burtebayev N., Folomeev V.N., Kunz J., Serikbolova A. and Tlemisov A. Mass gap for a monopole interacting with a nonlinear spinor field // Physical Review D. – 2021. – Vol. 104, Iss. 5. – P.056010. – DOI: 10.1103/PhysRevD.104.056010. – WoS: Impact Factor – 5.296, Q1. – Scopus: Percentile 95, CiteScore – 8.9, SJR – 1.887. https://journals.aps.org/prd/abstract/10.1103/PhysRevD.104.056010

6  Medeu Abishev, Nurzada Beissen, Farida Belissarova, Kuantay Boshkayev, Aizhan Mansurova, Aray Muratkhan, Hernando Quevedo,Saken Toktarbay Approximate perfect fluid solutions with quadrupole moment // International Journal of Modern Physics D. – 2021. – Vol. 30, No. 13 – P.056010. DOI: 10.1142/S0218271821500966 WoS: Impact Factor – 2.154, Q2. – Scopus: Percentile 95, CiteScore – 8.9, SJR – 0.820. https://www.worldscientific.com/doi/abs/10.1142/S0218271821500966

7  Korlan Argynova, Nassurlla Burtebayev,  Mikhail Mikhailovich Chernyavsky, Alexey Alekseevich Gippius, Lyudmila Anatolyevna Goncharova, Nina Sergeevna Konovalova, M. Nassurllа, Natalia Gennadievna Polukhina, Zhakypbek Turlanovich SadykovIdentification of multicharged ions using phosphate glass detectors // Nuclear Inst. and Methods in Physics Research, A, басып шығаруға қабылданды

Отандық басылымдарда:

1  Temiraliev А., Serikkanov A., Burtebayev N., Lebedev I., Fedosimova A., Mazhit Z. Nonlinear dynamics of parton distribution functions: the limit of multiple hadron production and the regime of dynamically determined chaos // Abstracts III International Scientific Forum «Nuclear Science and Technologies», dedicated to the 30-th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan. – Almaty, Republic of Kazakhstan, 20-24 September, 2021. – p. 32-33.

2  Burtebayev N., Janseitov D., Karakozov B.K., Nassurlla Maulen, Sakuta S.B., Nassurlla Marzhan, Alimov D., Burtebayeva J., Sabidolda A., Kemper K.W., Hamada Sh. Study of the reaction 13C(3He,α)12C at energies of 50 and 60 MeV // Abstracts III International Scientific Forum «Nuclear Science and Technologies», dedicated to the 30-th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan. – Almaty, Republic of Kazakhstan, 20-24 September, 2021. – p. 43.

3  Tulekov Ye.A., Morzabaev А.К., Makhmutov V.S., Yerkhov V.I. Variations of cosmic rays according to observations in March 2021 // Abstracts III International Scientific Forum «Nuclear Science and Technologies», dedicated to the 30-th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan. – Almaty, Republic of Kazakhstan, 20-24 September, 2021. – p.48-49.

4  Кореньков В., Буртебаев Н. , Мажитова Е. и Сатышев И. Анализ моделей и алгоритмов для распределенной обработки больших массивов данных в области ядерной и радиационной физики // Тезисы III Международного научного форума «Ядерная наука и технологии», посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан. – Алматы, Республика Казахстан, 20-24 сентября, 2021. – С.51.

5 Идрисова Т.К., Садыков Т.Х., Рябов В.А., Пискаль С., Жуков В.В. Комплексная установка для регистрации широких атмосферных ливней Адрон-55 // Тезисы III Международного научного форума «Ядерная наука и технологии», посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан. – Алматы, Республика Казахстан, 20-24 сентября, 2021. – С.66.

6 Мансурова М.Е., Ососков Г.А., Жунусова Ж.Х., Гончаров П.В., Резвая Е.П., Шоманов А.С. Оптимальная параметризация траекторий элементарных частиц в задаче их реконструкции для вершинного детектора эксперимента SPD NICA // Тезисы III Международного научного форума «Ядерная наука и технологии», посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан. – Алматы, Республика Казахстан, 20-24 сентября, 2021. – С.72.

7  Федосимова А.И., Лебедев И.А., Ибраимова С.А., Дмитриева Е.А., Бондарь Е.А Коллективное образование вторичных частиц во взаимодействиях ассиметричных ядер // Тезисы III Международного научного форума «Ядерная наука и технологии», посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан. – Алматы, Республика Казахстан, 20-24 сентября, 2021. – С.65.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort